қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
жаңа!
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
банки Львова кредит . Смотреть машинка для стрижки moser.
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ — ЕЛДIҢ ЕРТЕҢГЕ САМҒАУЫ

Облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң облыс активi жиналысында жасаған баяндамасы

08 | 02 | 2010  Кеше облыс әкiмдiгiнде ҚР Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауын iске асыру жолындағы мiндеттер туралы облыс активiнiң жиналысы өттi. Жолдауды жүзеге асыру жолындағы мiндеттер туралы баяндама жасаған облыс әкiмi А.Мырзахметов алдағы уақытта атқарылар iстерге кеңiнен тоқталды.



«Елбасы Жолдауда 2020 жылға дейiнгi Даму стратегиясының 5 бағытын айқындап бердi. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкiмет Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасын және елдi индустрияландырудың картасын жасады. Облыста республикалық және аймақтық индустриализациялау картасы аумағында биыл 8 жоба жүзеге асырылатын болады», — дедi облыс әкiмi А.Мырзахметов баяндамасында. Ол жобаларды жүзеге асыру барысында жалпы құны 55,3 млрд. теңгенi құрайтын құрылыс жұмыстары жүргiзiлмек. Кәсiпорындар толық iске қосылғанда 2200-ге жуық адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етiлетiн болады. Елбасы Үкiметке арнаулы экономикалық аймақтар туралы заң жобасын әзiрлеудi тапсырды. Осы орайда облыс көлемiнде бiрқатар жұмыстар атқарылмақ. Облыс басшысы оңтүстiкте құрылған арнайы экономикалық аймақтың әлi күнге дейiн жүктелген мiндеттердi толық орындап отырмағанын айтып өттi. Сондай-ақ, бәсекеге қабiлеттi, экспорттық әлеуетi бар өнiмдердiң аздығына өкiнiш бiлдiрдi. «Президент қай Жолдауында болмасын ең негiзгi фактор ретiнде адам өмiрiне, оның денсаулығына, бiлiм алуына, әлеуметтiк қолдауға ие болуына баса назар аударып келедi. Биылғы Жолдау да соның айғағы. Осы мақсатта Үкiмет пен әкiмдерге осы жылы «Балапан» арнайы бағдарламасын жасауды, оны жүйелi түрде iске асыру тапсырылып отыр. 2010 жылы 7 мыңдай орынға 118 мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарын iске қосу жоспарланып, балаларды балабақшамен қамту 18 пайызды құрамақ», — дедi облыс әкiмi.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.Оспанов жүргiзiп отырған актив жиналысы барысында «Нұр Отан» ХДП ОҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары Ұ.Сәдiбеков, облыс прокуроры Б.Құлтасов, облыстық клиникалық аурухананың бас дәрiгерi М.Егiзбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры А.Протопов, «Болашақ» балабақшасының меңгерушiсi Т.Мартыненко мiнбеге шығып, маңызды құжат жөнiнде ой-тiлектерiн ортаға салды.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсiндiру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, ақпан-наурыз айларында барлық аудандарда насихат жұмысын жүргiзетiн болады.




Құрметтi облыс активi жиналысына қатысушылар!



Елбасының әр жылғы Жолдаулары «Қа

зақстан–2030» Стратегиясын кезең-кезеңмен жүзеге асыруда мемлекет алдындағы мiндеттердi анықтап, оларды орындаудағы нақтылығымен, өмiршеңдiгiмен ерекшеленiп, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн жақсартуға бағытталып, көпшiлiктiң көңiлiнен шығып, қолдауына ие болумен келедi.

Президент биылғы Жолдауында ХХI ғасырдағы жаһандық дағдарыстың өзiнде елiмiздiң еңсесi түспей, экономикасы iлгерiлеумен сипатталатын мемлекеттер қатарында екендiгiн атап өттi.

ХХI ғасырдың алғашқы онжылдығын табыспен аяқтап келе жатқан елiмiз жаңа онжылдыққа – жаңа экономикалық өрлеуге – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерiн жүзеге асыруға кiрiстi.

Қазақстанның қол жеткiзген жетiстiктерiнде бiздiң облысымыздың да үлесi бар екендiгi белгiлi. Дағдарыс кезеңi қаншалықты қиын соққанымен 2009 жылда облыста оңды жұмыстар атқара бiлдiк.

Өнеркәсiп, орта және шағын бизнес, ауыл шаруашылығы, басқа да салаларда жоспарланған межелер артығымен орындалып, едәуiр өсiмдерге қол жеткiздiк.

Бiлiм, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қолдау салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды, қордаланған проблемалар шешiмiн тапты.

Бұл жағдайлардың барлығы жақында өтетiн облыс әкiмiнiң жылдық есебiнде айтылатын болады.

Бүгiнгi әңгiмемiз Елбасының Жолдауына сәйкес алдағы мiндеттерiмiз және оларды жүзеге асыру жолдары туралы болмақ.

Елбасы Жолдауда 2020 жылға дейiнгi Даму стратегиясының 5 бағытын айқындап бердi. Олар:

1. Экономиканы дағдарыстан кейiнгi дамуға әзiрлеу;

2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебiнен экономиканың тұрақты өсуiне қол жеткiзу;

3. Адам капиталының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн болашаққа белсендi инвестиция тарту;

4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтiк және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

5. Ұлтаралық келiсiмдi нығайту, ұлттық қауiпсiздiктi арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрi дамыту.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкiмет Үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасын және елдi индустрияландырудың Картасын жасады.

Облыста республикалық және аймақтық индустрияландыру Картасы аумағында биылғы жылы 8 жоба жүзеге асырылатын болады.

Олар:

- «Тарақталған және иiрiлген жiп өндiру»,

- «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозамен шикiзатты мақтадан жасалған техникалық карбоксиметилцеллюлозаның өндiрiсi,

- «Иiрiлген жiп және дайын мата өндiрiсi»,

- «Керамикалық гранит өндiру»,

- «Жоғары сапалы техникалық және трансмиссиялық майлар өндiрiсi»

- «Цемент зауытының құрылысы»,

- «Күркетауық өсiру және етiн өңдеу бойынша құс комплексiн құру»,

- «Мақтаның асыл тұқымын өндiру зауыты» жобалары.

Осы жобаларды жүзеге асыру барысында жалпы құны 55,3 млрд.теңгенi құрайтын құрылыс жұмыстары жүргiзiледi. Осы құрылыс жұмыстарына бүгiнгi күнi 1975 адам тартылып отыр. Кәсiпорындар толық iске қосылғанда 2 200-ге жуық адам тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етiлетiн болады.

Аталған инвестициялық жобалардың уақтылы iске қосылуын бақылау мақсатында облыс әкiмi басшылығымен штаб құрылып, туындаған өзектi мәселелер тiзбегi жасалып, оларды шешу жөнiнде нақты тапсырма берiлдi.

Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк басқармасы аудан және қала әкiмдерiмен бiрлесiп, облыс көлемiнде алдағы бес жылда iске асырылатын инвестициялық жобаларды нақтылауы тиiс.

Сонымен қатар, 2010-2014 жылдарға арналған үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк бағдарламасы» шеңберiнде iске асырылатын инвестициялық жобалармен тиянақты жұмыс жасауымыз қажет. Ол үшiн әрбiр жоба бойынша нақты iс-шаралар қабылданатын болады.

Жобаларды атап айтатын болсақ:

- «Минералдық тыңайтқыш өндiру» жобасының құрылысы;

- «Шымкент қаласында тұрмыстық қалдықты өңдеу» зауыт құрылысы;

- Шымкент химия - фармацевтикалық фабрикасының өндiрiс қуаттылығын арттыру» құрылысы;

- Шымкент қаласының әуежайы маңында «Сауда-логистикалық орталығының» құрылысы;

- «Алайғыр» полиметалдық кен орнында кен-байыту фабрикасын салу,

- «Шардара-ГЭС» электр өндiру қуатын ұлғайту;

- «Кернеулiгi 220-500 кВа трансформаторларын шығару» зауытын салу.

Сондай-ақ, Жолдауда айтылғандай, 2014 жылға дейiн Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы.

Ресурстарды үнемдейтiн және озық технологиялар мен құрал-жабдықтарды, ғылыми жетiстiктердi енгiзу мақсатында облыстағы технопарктiң жұмысын жандандыруымыз керек. Өткендегi келiсiм бойынша iс-жоспарды тездетiп бекiту қажет.

Әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорацияларды жергiлiктi билiкке беру жөнiнен шешiм қабылданды. Мұны жүктелген тапсырмалардың орындалу мүмкiндiгiн арттыру деп бiлемiз. Алғашқы құрылған кезде, жұмыстың методологиясын қалыптастыру үшiн корпорациялардың орталыққа бағынғаны негiзделген болса, ендiгi жерде, бар жұмыс өңiрде болған соң бұл шешiмнен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Бiрақ, осы мүмкiншiлiктi толығымен пайдалану үшiн де атқарылып жатқан жұмысты тоқтатпай, керiсiнше үдетуiмiз керек.

Сонымен қатар, аудан және қалаларда 7,0 млрд. теңгелiк 31 инвестициялық жобалар iске асырылуда, оған барынша қолдау жасау үшiн де тиiстi шараларды анықтап, нақты жұмыстар атқаратын боламыз.

Осыған орай, қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құруға аудан және қала әкiмдiктерi «Максимум» аймақтық инвестициялық орталықтың, «Оңтүстiк» әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациясының, технопарктiң және даму институттарының мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдаланып, тиянақты жұмыс жасаулары қажет. Әкiмдер, тиiстi басқарма басшылары осы жобалардың жүзеге асырылуына тiкелей жауапты болады.

Жолдауда әртараптандыру жоспарларын iске асырудың негiзгi көзi – тiкелей шетелдiк инвестициялар екенi айтылды.

Елбасы инвесторлар үшiн барынша жағдай жасау, индустриялық даму басымдықтарын ескере отырып, арнаулы экономикалық парктердiң қызмет етуiне жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттiлiгiн атап өттi, Үкiметке арнаулы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасын әзiрлеудi тапсырды.

Осы орайда облыс көлемiнде бiрқатар жұмыстар атқаруымыз қажет.

Облысымызда арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құрылғаны белгiлi. Бiрақ, ол әлi күнге дейiн жүктелген мiндеттердi толық орындап отырған жоқ. Әрине, оның объективтi себептерi бар шығар. Дегенмен де бұл бағыттағы жұмысты күшейтуiмiз қажет. Соның iшiнде жаңа заң жобасына бұл аймақтың мүмкiншiлiгiн толық пайдалану үшiн оның бағытын кеңейтетiн тек қана тоқыма саласы бойынша емес, жалпы ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнестi дамытатын ұсыныстар беруiмiз керек.

Өкiнiшке қарай, өндiрiс саласындағы өзектi мәселелердiң бiрi – бәсекеге қабiлеттi, экспорттық әлеуетi бар өнiмдердiң аздығы. Экспорттық тауарлар құрылымында тек минералдық (47%), химиялық, тоқыма өнiмдерi ғана бар.

Бұрын облыс экономикасының негiзiн құраған iргелi кәсiпорындардың көбiсi жекешеленiп, бүгiнгi күнi қаңқасы ғана тұр. Барларының өзi толық қуатта жұмыс iстемейдi, технологиясы ескiрiп, құрал-жабдықтары iстен шыққан.

Бiздiң негiзгi мақсатымыз — инфрақұрылымы мен коммуникациясы сақталған кәсiпорындардың бос алаңдарында жұмысты жандандыру, жаңа индустриялық өндiрiс ашу. Осы бағытта тиiстi жұмыстар да жүргiзiле басталды.

Бұрынғы «Фосфор» зауыты аумағындағы тиiстi коммуникациялық жүйелердi қалпына келтiре отырып, индустриялық аймақ ашу бағытында нақты шаралар қарастырылып жатыр. Осы жерге инвесторларды тарта отырып, жаңа жобалардың iске асырылуын қамтамасыз етуiмiз керек.

Сол сияқты қорғасын, шина зауыттарының да мүмкiншiлiгiн ескерiп алдын ала зерттеу жұмыстарын, экономикалық негiздемелерiн дайындай беруiмiз қажет.



Облыстың өнеркәсiбi – нақты сектордың негiзiн қалаушы және айқындаушысы екенi белгiлi. Өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн бүгiнгi күннiң талабына сай арттыратын, тұрақты жұмыс iстейтiн кәсiпорын - облыс экономикасының өсуiнiң кепiлi болып табылады.

Облысымызда өнеркәсiп орындарында шығарылатын бiрқатар өнiмдер «Santo», «Доня», «Petro Kazakstan», «ЭкоПродуктГрупп» атты брендiлерi арқылы сыртқы нарықта танымал болуда.

2010 жылы экспортқа бағытталған өнiмдердiң санын көбейту, атап айтқанда: жаңа кәсiпорындарының брендтерiнiң бiрi «НILL», «Азия Керамик» өнеркәсiп орындарының өнiмдерiн сыртқы нарыққа шығару - бiздiң негiзгi мақсатымыз болуы тиiс.

Жолдауға сәйкес экономиканың қозғаушы күшi ретiнде кәсiпкерлiктi әртараптандыру болып табылады.

Осы мақсатта Елбасы тәуекелдердi өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендiруге дайын қуатты кәсiпкерлердi қалыптастыру мiндетiн жүктедi. Осыған сәйкес Үкiметке биылдан бастап өңiрлерде кәсiпкерлiктi дамыту жөнiнде бiрыңғай бюджеттiк бағдарлама енгiзiлуiн тапсырды. Ол «Бизнестiң жол картасы – 2020» деп аталатын болады.

Бағдарламаның басты мақсаты - өңiрлерде кәсiпкерлiктiң, ең алдымен шағын және орта бизнестiң жаңа тобын дамыту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу.

Кәсiпкерлiктi дамыту бағытында тағы да қосымша нақты шаралар қарастыруды тапсырды:

- несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

- шағын және орта бизнеске несиелердi iшiнара кепiлдендiру;

- бизнес жүргiзуге сервистiк қолдау бiлдiру;

- кадрларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, жастар практикасы және әлеуметтiк жұмыс орындары.



Шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын адамдар саны экономикалық белсендi халық санының үштен бiр бөлiгiн құрайды. Облыстық жалпы өңiрлiк өнiмдегi шағын және орта бизнестiң үлесi 23%.

Үкiметке 2011 жылы бизнестi тiркеуге және бизнестi жүргiзуге байланысты операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқарту тапсырылды.

Мiне, осы мүмкiншiлiктердi бiз толығымен пайдалануымыз керек.

Әкiмшiлiк кедергiлердi азайту бағытында арнайы жұмыс тобын құрғалы отырмыз. Оған сөз жоқ, кәсiпкерлер де тартылатын болады.

Аудан, қала әкiмдерi, басқарма басшылары 2010 жылға рұқсат беретiн құжаттарды қысқарту әдiстемесiнiң қолдануы бойынша нақты шаралар қарастыратын болады. Облыс бойынша рұқсат беретiн құжаттардың инвентаризациясын өткiзiп, әр басқарма мен департаменттер бойынша толық тiзiмiн әзiрлеп, мониторинг және бақылау жүргiзетiн сараптамалық топтарының жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осы жұмыстардың нәтижесiнде ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында облыс деңгейiндегi рұқсат беретiн құжаттарды қысқарту бойынша нақты ұсыныстарды тиiстi республикалық органдарға шешiм қабылдау үшiн берiлетiн болады.

Өздерiңiз бiлетiндей, 2010 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап Бiрыңғай кедендiк тарифтер бойынша келiсiм күшiне ендi.

Бұл тауарлардың еркiн жылжуына айтарлықтай әсер ететiнi түсiнiктi. Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда жеңiлдейдi. Бизнес бұл жеңiлдiктердi де өз пайдасына шеше бiлуi керек. Яғни бiздер тек сатып алушы емес, сатушы болуға тырысуымыз қажет.

Тағы да бiр маңызды мәселеге тоқтала кеткiм келедi. Үкiмет экономиканы әртараптандырудың жаңа тәсiлiн әзiрлеу үстiнде.

Бұл жұмыстардың нәтижесiнде онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестiң IЖӨ-дегi үлесi 40%-ға дейiн көтерiлуi тиiс.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, жергiлiктi тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында облыс көлемiнде бiрқатар жұмыстар атқаруға мiндеттiмiз.

Қазiргi таңға, бiздiң алдымызда тұрған ең басты жұмыстардың бiрi отандық тауар өндiрушiлер реестрiне қосу үшiн тиiстi сертификаттың жаңа үлгiсiн алуда облыстың кәсiпорындарымен жұмыстарды жандандыру болып табылады.

Бұл мiндеттердi орындаудың бiр жолы ретiнде мемлекеттiк сатып алу кезiнде бiршама шараларды iске асыруды жоспарладық:

- облыстың тауар өндiрушiлермен байланысты нығайту, тиiстi меморандумдар түзу;

- жергiлiктi өнеркәсiп кәсiпорындарына заң талаптарын сақтай отырып, басымдылық көрсету;

- биыл өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алулар туралы ақпаратты облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарына тұрақты хабарлап отыру;

- облыста өткiзiлген конкурстарға тұрақты мониторинг жүргiзу.

Бұл шаралардың бәрi тиiстi шешiмдер ретiнде қабылданды, ендi олар қағаз жүзiнде қалып қоймауы керек.

Жолдауда экономикалық әртараптандырудың маңызды бiр бөлiгi – агорөнеркәсiптiк кешенiн дамыту екенi көрсетiлдi. Ол негiзгi үш бағыт бойынша жүргiзiледi:

1. еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы;

2. елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

3. экспорттық әлеуеттi iске асыру.

Бұл бағытта облыста келелi жұмыстар атқарылатын болады.

Жолдаудағы басты мақсаттардың бiрi – 2014 жылы агроөнеркәсiп кешенiндегi өнiмдiлiктi

2 есеге арттыру.

Бұл мақсатқа өндiрiлетiн өнiмдердiң өнiмдiлiгiн, сапасын көтеру үшiн озық технологияларды қолдану арқылы жетуге болатыны белгiлi.



Облыстың 2009-2011 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына сәйкес 2010 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару әдiсiн 20 000 (жиырма мың) гектарға, 2011 жылы және 25 000 (жиырма бес мың) гектарға жеткiзу жоспарланған.

Ауыл шаруашылығында инновациялық тәжiрибенi енгiзу мақсатында 2010 жылдан бастап сүттi мал шаруашылығында эмбрионды трансплантациялау әдiсiн, мақтаны зиянкестерден биологиялық қорғау әдiсiн, биогаз және органикалық тыңайтқыш шығаратын биореакторлар жасап, кеңiнен тарату, мақсарының жаңа сорттарын, мақтаның М-4007, «Береке», «Мырзашөл 80» сияқты жаңа сорттарын шығару, асыл тұқымды шаруашылықтарды көбейту шараларын қолға алу жоспарлануда.

Шаруашылықтағы процестердi механикаландыру деңгейiн арттыру жөнiнде бiршама жұмыстар межеленiп отыр.

2010-2014 жылдары қайта өңдеу саласында 14 ет өңдейтiн, 33 сүт өңдейтiн және 19 көкөнiс өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындар iске қосылмақ.

Нәтижесiнде 2014 жылы облыс бойынша өндiрiлетiн ет пен сүттiң қайта өңдеу көлемiнiң үлесi 40%, ал көкөнiс өнiмдерiнiң үлесi 25%-ды құрайтын болады.

Бiздiң, барлық құзырлы органдардың, аудан, қала әкiмдерiнiң негiзгi мiндетi азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында негiзгi азық-түлiк өнiмдерiн өндiру көлемiн тұрғындар қажеттiлiгiн толық қанағаттандыру деңгейiне жеткiзу.

Ауылшаруашылық басқармасы осы жұмыстардың ұйытқысы болып, нақты жұмыстарды атқаруы керек.



Президент қай Жолдауында болмасын ең негiзгi фактор ретiнде адам өмiрiне, оның денсаулығына, бiлiм алуына, әлеуметтiк қолдауға ие болуына баса назар аударып келедi. Биылғы Жолдау да соның айғағы.

Осы мақсатта Үкiмет пен әкiмдерге осы жылы «Балапан» арнайы бағдарламасын жасауды, оны жүйелi түрде iске асыру тапсырылып отыр.

Сондай-ақ, 12 жылдық оқыту моделiн енгiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдау, кәсiптiк және техникалық бiлiм берудiң сапасын арттырып, экономиканың қажеттiлiктерiне сәйкестендiруi, жоғары бiлiм сапасының ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беру қажеттiлiгi де айтылды.

Облыста 2009 жылдың соңында мектепке дейiнгi ұйымдардың саны 244-ке жетiп, оған 28589 бала қамтылды, қамту 14,4 %-ға жеттi.

2010 жылы 7 мыңдай орынға 118 мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарын iске қосу жоспарланып, балаларды балабақшамен қамту 18%-ды құрамақ.

Бұл көрсеткiш бiздi қанағаттандырмайтыны белгiлi. Себебi әлi 35416 бала балабақша кезегiнде тұр. Оңтүстiктегi бала туу көрсеткiшiнiң жылдан жылға өсуi бұл бағыттағы жұмыстарымызды ширата түсудi талап етедi.

Облыстық бiлiм басқармасы, аудан, қала әкiмдерiмен бiрлесiп, тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, облыстық «Балапан» бағдарламасын 1 ай көлемiнде облыс әкiмдiгiнiң бекiтуiне ұсыну жөнiнде тиiстi тапсырма алды.

Соған сәйкес қала, аудан әкiмдерi өздерiнiң аймақтық бағдарламасын жасап, iске асырулары қажет.

Құрметтi әрiптестер!

«Халық денсаулығы – ол Қазақстанның өзiнiң стратегиялық мақсаттарына жетудегi табысының ажырамас құрамдас бөлiгi», - деп атап көрсетiлдi Жолдауда.

Салауатты өмiр салты жөнiндегi мемлекеттiк шаралар 2020 жылға қарай ана мен бала өлiмiн екi есе төмендетiп, жалпы өлiмдi 30%-ға азайтып, туберкулез ауруын 20%-ға қысқартуы тиiс.

Медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазiргi уақытта нәтижеге бағытталған Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесi ендiрiлуде. Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету 2009 жылмен салыстырғанда 30% артатын болады.

Салауатты өмiр салтын қалыптастыру үшiн сектораралық деңгейде жұмысты жақсарту, мектептерде арнайы бағдарламалар енгiзу, теле және радиоарналарда тұрақты хабарлар ұйымдастыру, үкiметтiк емес ұйымдарды тарту шараларын қарастыратын боламыз.

2010 жылы консультативтiк емханасы мен 300 төсек орындық облыстық балалар ауруханасының қазiргi заманғы құралдармен жабдықталған жаңа ғимараты, 120 төсектiк жаңа перзентхана пайдалануға берiлетiн болады.

Жергiлiктi бюджеттен 365 млн.теңгеге, республикалық бюджеттен 289 млн.теңгеге әйелдер босанатын және балалар ұйымдарына медициналық құрал-жабдықтар жеткiзiлуi жоспарлануда. Облыстық балалар ауруханасының базасында телемедицина орталығы құрылды.

2010 жылы туберкулездiң экспресс-диагностикасын қазiргi заманғы аппаратта 6000 зерттеуге дейiн көбейту көзделген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, аудан және қала әкiмдерi балалар мен жасөспiрiмдердiң ауру жұқтыру деңгейi жоғары барлық аудандарда туберкулез инфекциясының ошақтарынан шыққан балалардың тәулiк бойы жататын мамандандырылған санаторлық топтарын ашу керек.



Облыс бойынша 176,8 мың адам денешынықтыру және спортпен шұғылданады, бұл 2,5 млн.-нан астам тұрғыны бар облыстың 7,3%-ын ғана құрайды.

Жолдауға сәйкес алдағы 10 жылда денешынықтыру мен спортпен шұғылданатын адамдардың санын 4 есеге дейiн көтеруiмiз қажет. Бұл 700 мыңнан астам адамды құрайды. Яғни алда спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту мiндетi тұр деген сөз.

Денешынықтыру мен спортты дамыту мақсатында 2010 жылы облыс орталығында жеңiл атлетика манежiн салу, 2011 жылы жүзу бассейнiн салу, «Жол картасы» аясында гимнастика мектебiн, Б.Саттарханов атындағы мектеп-интернатын, «Бәйшешек» сауықтыру кешенiн және Төлеби ауданында балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiн күрделi жөндеуден өткiзу жоспарланып отыр.

Бұқаралық спортты барынша дамыту мақсатында қала, аудандардың әрбiр елдi мекенiнде қарапайым спорт алаңшаларын салу, қалпына келтiру — қала, аудан, ауыл әкiмдерiнiң тiкелей мiндетi. Облыстық басқарма бұл жұмысты тiкелей бақылауға алып, бүгiнгi нақты жағдайды анықтап, тапсырманың орындалуы туралы ай сайын облыс әкiмдiгiне ақпарат берiп отыруы тиiс. Қажет болса арнайы бағдарлама қабылдауға да дайынбыз.

Адамдардың өмiр сапасын жақсарту және әлеуметтiк қолдау әрдайым басты назарда, ол жөнiнде Президент тарапынан нақты тапсырмалар берiлдi.

Облыста 2009 жылы орташа жалақы 48 мың теңге болып, 2008 жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға, ал 2000 жылмен салыстырғанда 5,5 есе өстi. Елбасы бюджет саласы қызметкерлерi еңбекақысының биылғы жылдың 1 сәуiрiнен 25 пайызға өсiрiлетiнiн айтты. Ал шаруашылық субъектiлерiнде жалақыны өсiру үшiн еңбек өнiмдiлiгiн арттыру керек.

Жолдауда көрсетiлгендей, алдағы 5 жылда еңбек өнiмдiлiгiн 2 есе өсiру, 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейiн 5%-дан асырмау мiндетi тұр.

«Жол картасы» шеңберiнде 2010 жылы инвестициялық жобалар бойынша 19700 жұмыс орындарын, 2300 әлеуметтiк жұмыс орындарын ашу, 6500 адамды жастар практикасына жiберу, 1000 жұмыссызды кәсiби даярлауға жiберу көзделiп отыр. Оған 19,6 млрд. теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 13,3 және облыстық бюджеттен 6,3 млрд. теңге бөлiндi.

Жолдауда 2020 жылға қарай табыстары ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi 8 пайыздан аспайтын болсын деген мiндет қойылып отыр. Тапсырманы орындау үшiн облыста аз қамтамасыз етiлген азаматтардың санын азайту жыл сайын 0,8 пайызға төмендетуге қол жеткiзу қажет.

2010 жылы аз қамтамасыз етiлген азаматтардың жан басына шаққандағы айлық табысы 6 пайызға өседi деп жоспарланды.

Биылғы жылға бұл мақсатқа республикалық және жергiлiктi бюджеттерден 3,5 млрд. теңге бөлiндi. Бұл 2009 жылға бөлiнген қаржыдан 7 пайызға, 2008 жылмен салыстырғанда 51 пайызға көп.

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 167 605 зейнетақы алушылар есепте тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшерi 25 пайызға көтерiлiп, орташа зейнетақы 24 мың теңгеге жеттi.

Сондай-ақ, күнкөрiс деңгейiнiң өсуiне байланысты мүгедектiгiне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты облыста 111 мың адамның алатын жәрдемақылары 9 пайызға өстi.

Елбасының Жолдауында Ұлы Жеңiстiң 65 жылдық мерекесiне лайықты көңiл бөлiнiп отыр. Әрбiр соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегiне республикалық бюджеттен 65 мың теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленетiн болады.

Бұған қосымша облыс бюджетiнен соғыс ардагерлерiне 50 мың теңге, басқа санаттағы азаматтарға да бiржолғы материалдық жәрдем көрсетiледi.

Мереке қарсаңында жүзеге асырылатын негiзгi шаралардың бiрi — Оңтүстiк Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына аттанған 132 мыңға жуық майдангерлердiң есiмiн Даңқ мемориалына қастерлеп жазу болып табылады. Мемориалды 9 мамыр қарсаңында ашу жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту саласы да Жолдаудан өз орнын тауып, тиiстi мiндеттер белгiлендi. Осы бағытта 2010 жылы облыстың аудандары мен қалаларына 60 арендалық (коммуналдық) тұрғын үйлердiң құрылысына 527 млн. теңге, Шымкент қаласының «Hұрсәт» мөлтекауданындағы 12 ипотекалық тұрғын үйлердiң құрылысына 698,0 млн. теңге қарастырылған.

17 инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 4,4 млрд. теңге жоспарланған.

«Бейнеу-Бозой-Шалқар-Самсоновка» газ құбыры құрылысы 2012 жылы аяқталатын болады, ол арқылы облыстың Түркiстан, Кентау, Арыс қалалары және Отырар, Ордабасы, Бәйдiбек, Сайрам, Түлкiбас, Созақ аудандарының 630 мыңнан аса адам тұратын 284 елдi мекендерiн табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкiншiлiгi туып отыр.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен аталған аудан, қала әкiмдерi қазiрден бастап елдi мекендердiң iшкi жүйелерiн газдандыруды жобалау, қаржының қажеттi көлемiн анықтау жұмыстарымен айналысулары қажет.

Бұдан бөлек ауызсу, кәрiз жолдар, басқа да салалар бойынша алдымыздағы есепте айтылатын болады, оның үстiне баяндама тезисi газет беттерiнде жарияланды, сондықтан қайталаудың қажетi жоқ шығар.



Қазақстан қоғамындағы келiсiм мен тұрақтылықты сақтау, ел қауiпсiздiгiн нығайту – 2020 Стратегиялық жоспарын iске асырудың сенiмдi iргетасы. Бұл ретте Жолдауда саяси жүйенi жетiлдiру мәселесiне баса назар аударылып отыр.

Iшкi саяси тұрақтылықты

сақтау бiздiң көпұлтты, көп конфессиялы облысымызда ерекше орын алатыны белгiлi және осы бағытта жүргiзiлiп жатқан жұмыстар мен облыстағы қалыптасқан жағдай жаман емес.

Атқарылып жатқан оңды iстердi насихаттауда, елдiң ынтымағы мен бiрлiгiне арналған iс-шаралардың ортасында ел ағаларының, зиялы қауым, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар өкiлдерiнiң жүруi халықтың көңiлiнен шығуда, игi iстерге бастауда.

Осындай игi iс-шаралар ағымдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.

Президент ҚР 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын халыққа түсiндiру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкiметтiк емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге қаржы бөлудi Үкiметке тапсырды.

Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында iшкi саясат басқармасы, аудан, қала әкiмдерi Жолдауды халыққа қарапайым да түсiнiктi тiлмен жеткiзуi, оған облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдар өкiлдерiн барынша жұмылдыруы тиiс.

Естерiңiзде болса, өткен жылы Елбасының партияаралық үнқатысуды орнықтыру және бiрiгу жөнiндегi ұсынысы бiздiң облыстағы саяси партиялар филиалдары тарапынан қолдау тауып, арнайы меморандумға қол қойылған болатын.

Бұл, өз кезегiнде облыста қалыптасқан қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар өкiлдерiнiң тұрақтылыққа деген жанашырлығы мен патриоттық сезiмдерiнен туындаған жағдай деп түсiнемiз. Сол үшiн де ризашылығымызды бiлдiремiз.



Келешекте де Қоғамдық Форум жұмысын жалғастырып, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкiлдерiн облыстың қоғамдық-саяси өмiрiне, мемлекеттiк саясаттың жүзеге асырылуына кеңiнен тартуға бiз дайынбыз.

Елбасы алдағы уақытта елдегi барлық саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктерге елдiң дамуы мен ұлттық бiрлiктiң тиiмдi жолдарын iздестiруге септесетiн өзара iс-қимылдың жаңа үлгiсiн әзiрлеудi ұсынды. Бұл iсте «Нұр Отан» партиясы бiрiктiрушi рөл атқаруы тиiс екендiгiн атап өттi.

«Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық, қалалық филиалдарының Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша атқаратын мiндеттерi туралы ертең өтетiн саяси кеңес мәжiлiсiнде кеңiнен сөз болады.

Келесi онжылдыққа арналған жоспарларды жүзеге асыруда облысымыздағы қоғамдық бiрлестiктер, ұлттық-мәдени орталықтар, саяси партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдар ауызбiршiлiк танытып, ынтымақ пен бiрлiктiң туын жоғары ұстайды, ел игiлiгiне арналған iстерде белсендiлiк танытып, абырой биiгiнен көрiне бiледi деп сенемiн.

Президентiмiз айтқандай, бiздiң ең басты құндылығымыз –Тәуелсiз Қазақстан! Осы сөздердiң мағынасына жете түсiнген әрбiр қазақстандық азамат қоғамдағы өз орнын, жауапкершiлiгiн толыққанды сезiне бiлуi, соған сәйкес жалпы халық, мемлекет мүддесi үшiн еңбек етуi тиiс деп есептеймiз.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Негізі: "Оңтүстік Қазақстан"

Жаңалықтар
25 | 03 | 2010
25 | 03 | 2010
25 | 03 | 2010
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz