|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
ҚР Президентінің қатысуымен Астана-Щучье автобанымен алты жолақты жол қозғалысы ашылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен бүгін Қазақстандағы тұңғыш Астана-Щучье автобаны бойынша алты жолақты жол қозғалысының ашылу р
15 | 10 | 2008 Еліміз үшін мұндай автожолдар қажет, деп атап айтты Президент журналистермен болған сұхбатта. Елбасының айтуынша, мұндай автожолдың бір шақырымының құны 3-4 млн. долларға жетеді, бірақ бұл 20-25 жылдық кепілдік сапасымен өтеледі. «Бұрындары жолдардың қалай салынғаны сіздердің естеріңізде, олар жыл сайын жөндеуден өткізілетін, қыруар қаражат жұмсалатын», - деді Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, Астана-Щучье автожолының ұзындығы 224 шақырым, оның ішінде алты жолақты жолдың ұзындығы – 215 шақырым. Жобаның жалпы құны 115 млрд. теңге. Жоба 23 жол айырығын, үш жол бойы сервисі кешенін және т.б. қамтиды.
Жалпы алғанда, жобаны аяқтау 2009 жылға жоспарланып отыр. Оны іске асыруға 2008 жылға 41 млрд. теңге бөлінген, бұл қаржының 37 млрд. теңгесі 9 ай ішінде игерілді. Құрылыс кезеңі ішінде 1,6 млн. тонна цемент-құйматас және 2 млн. тонна асфальт-құйматас мен қара қоспа төселді.
Негізі: АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/
|
|
|
|