|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Елбасы Үкіметке «Стрестік активтер қорын» тездетіп іске қосуды тапсырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Стрестік активтер қорын» тездетіп іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 | 10 | 2008 «Стрестік активтер қорын» іске қосу жұмысын шапшаңдату қажет. Қордың капиталы 2008-2009 жылдардағы бюджет қаржысы есебінен 1 млрд. доллардан кем болмауы тиіс, деді Елбасы бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде.
Президент мемлекеттік органдар игермеген мемлекет қаржысы аталмыш қордың капиталын құруға бағытталуы керектігін атап көрсетті. Осы орайда Елбасы Үкіметке «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, аталмыш мәселені Парламент депутаттарымен тез арада шешуді тапсырды.
Негізі: АСТАНА. Қазанның 13-і. /Ернұр Ақанбай/
|
|
|
|