қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін Үкіметке 2009-2010 жылдары Ұлттық қордан 10 млрд. долларға дейін қаржы бөлінеді – Мемлекет басшысы

Үкіметке 2009-2010 жылдары Ұлттық қордан 10 млрд. долларға дейін қаржы бөлінетін болады.

13 | 10 | 2008  Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген Мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші кезектегі шараларды қаржылық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке 2009-2010 жылдары пысықталған, келісілген және тұрақты бағдарламалар үшін Ұлттық қордан 10 млрд. долларға дейін қаржы бөлінетін болады», деді Елбасы кеңейтілген мәжілісте.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік қаржы дағдарысының екінші толқынының келуімен Үкімет және Ұлттық банк тарапынан ойластырылған және дер кезіндегі іс-әрекетті талап ететін жаңа қатерлер пайда болды.

«Дегенмен, басталған әлемдік дағдарыстың басқа да қыры бар: экономиканы осы жағдайдан барынша мықты етіп алып шығу үшін Үкіметте жақсы мүмкіндіктер бар. Біз тіпті дағдарыстық кезеңдерде экономика үшін пайдалы дүниелерді үйренуіміз керек. Бұл экономикалық дамудың сапасын арттыруды көздейді», деді Н.Назарбаев. Елбасы қазіргі әлемдік дағдарыс Қазақстанның қаржы саласындағы, шағын және орта бизнес, сондай-ақ құрылыс секторындағы заңнамаларының жетілдірілмегендігін, экономиканың кейбір салаларындағы спекулятивті сипатта көрсеткендігін атап көрсетті.

«Бізде осының барлығын тәртіпке келтіруге мүмкіндік бар. Осыған байланысты мен Үкіметке экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін карт-бланш, бұл жағдайларда стандарттық емес шешімдер қабылдау үшін кең өкілеттілік беремін», деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Елбасы сонымен бірге бұл мүмкіндіктерден бөлек Үкімет пен Ұлттық банкке экономиканың, қаржы жүйесінің және әлеуметтік саланың жағдайы үшін жеке жауапкершілік жүктелетінін қадап айтты.

Негізі: АСТАНА. Қазанның 13-і. /Ернұр Ақанбай/

Жаңалықтар
19 | 11 | 2008
18 | 11 | 2008
17 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz