|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Астанада бизнестегі инновациялық технологияларға арналған «Ай-Би-Ем» форумы өтуде
Бүгін Астанада бизнестегі инновациялық технологияларға арналған үшінші «Ай-Би-Ем» форумы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12 | 10 | 2008 Бұл шара Қазақстанның елордасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум - ірі және орта бизнес саласының компанияларындағы интернет мамандардың жаңа идеяларымен бөлісуге бағытталған пікір алмасу алаңы.
«Бүгінгі форум барысында интернет қызметінің алдында тұрған мәселелерді шешуге бағытталған жаңа технологиялардың тұсауы кесіледі. Сонымен қатар, интернет жүйесінің инфрақұрылымын оңтайландырып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жобалар таныстырылады. Форум негізгі екі сессия бойынша өтуде», дейді «Ай-Би-Емнің» Қазақстандағы өкілдігінің директоры Адам Досымов.
Негізі: ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/
|
|
|
|