|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Химиялық кластердің қайта жаңғыруы – Мемлекет басшысының Жамбыл облысына жұмыс сапарының қорытындылары
«Жамбыл облысына сапарымның басты мақсаты – химиялық кластерді қайта жаңғырту барысымен танысу еді.
10 | 10 | 2008 Қазақстан сары фосфордың қорына өте бай және ол қазір әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болып отыр»,- деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорытынды брифингте, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем елдерінде басталып отырған қаржы және азық-түлік дағдарысы туралы айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаев, бүгіндері Қазақстанның азық-түліктің барлық түрімен қамтамасыз ете алатын орасан мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
Мемлекет Басшысы бүгін химия саласы мәселелеріне арналып өткізілген республикалық кеңестің жағымды қорытындыларын атап өтті. Төрт ірі инвестор – ресейлік және қазақстандық компаниялар – жамбылдық «үлкен химияға» бес миллиард долларға дейін инвестициялар салуға дайын.
Келесі 2009 жылдан бастап Жамбыл облысының химия кәсіпорындары 500 миллион доллар инвестиция алады. Үкіметтің негізгі міндеті - химиялық кластер мәселелерін серпінді шешіп, барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру, деді Мемлекет басшысы.
«Бұл – Жамбыл облысының қайта жаңғыруы. Химияны қайта жаңғырту жөнінде орасан жұмыстар жүргіздік деп ойлаймын, - деді Елбасы. Аймақ жаңа жұмыс орындарына ие болып, әлеуметтік саланы жақсартып, химия саласына қажет жаңа мамандарды даярлайтын кәсіби орталық құруға тиіс».
Жамбыл облысының қазіргі жағдайына қатысты, Президент аймақтың ойдағыдай дамып, барлық алға қойылған бағдарламалар мен жоспарлардың қарқынды орындалып жатқанын атап өтті. «Жалпы алғанда, облыстағы жағдай қалыпты.. Кәсіпорындар дамып, әлеуметтік салалар жақсарып келеді. Бұның бәрі атқарушы үкімет өз міндеттерін дұрыс орындап жатқанын білдіреді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Негізі: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/
|
|
|
|