|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Бюджет кодексінің нормаларына сәйкестендіру мақсатында бірнеше заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жаңа Бюджет кодексінің нормаларына сәйкестендіру мақсатында бірнеше заңдарға өзгері
07 | 10 | 2008 Атап айтқанда, Азаматтық кодекс пен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңға - мемлекеттік мекемелерге шарттарды бір жылдан жоғары мерзімге тіркеу құқығын беру бөлігінде түзету енгізіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске - жаңа Бюджет кодексінің жобасында олардың алынып тасталуына байланысты бюджет қаражаттарын мақсатсыз, тиімсіз және негізсіз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау, сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитетіне құқық бұзушылық анықталған жағдайда құзыреті шегінде алып қою, тексеру және мөрлеу құқығын беру бөлігінде өзгеріс енгізу ұсынылды.
«Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға – стратегиялық жоспарларды бекіту, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет параметрлерін әзірлеу және мақұлдау бойынша жергілікті атқарушы органдарға өкілеттік беру бөлігінде толықтыру қарастырылған.
«Акционерлік қоғамдар туралы» заңға – ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары жоқ мемлекеттік органдарға акциялар эмиссияларын төлеу мүмкіндігі бөлігінде түзету енгізіледі.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңға – бюджет заңнамасымен мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу жөніндегі нормаларды бекіту бөлігінде өзгерістер енгізілетіні көзделген.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңға жаңа Бюджет кодексі жобасының тиісті нормаларына сәйкес келтіру бөлігінде редакциялық түзетулер енгізілетін болды.
Негізі: ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/
|
|
|
|