|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Астана қаласында бизнестiң әлеуметтiк жауапкершілігі тақырыбында тренинг ұйымдастырылды
Бүгін ҚР Сауда және индустрия министрлігінде “Қазақстандағы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершілігі.
Үкіметтiк және бұқаралық ақпарат құрал
05 | 10 | 2008 Оған БАҚ тілшілері мен сәйкес министрліктердің қызметкерлері қатысты. Шараны ҚР Сауда және индустрия министрлігі, Орталық Азияның Еуразия қоры және Қазақстан баспасөз-клубының қолдауымен американдық Сауда палатасы ұйымдастырды.
Тренинг бұқаралық ақпарат құралдарының бизнестiң әлеуметтiк жауапкершілігі (БӘЖ) тақырыбындағы жарияланымдарының сапасын жақсартуға, сондай-ақ Қазақстандағы бизнестiң әлеуметтiк жауапкершілігінің маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Тренингті “БӘЖ Дамыту орталығының” өкілі, әлеуметтiк жауапкершіліктің ИСО-26000 халықаралық стандартын жетілдіру бойынша сарапшысы Марина Сапрыкина жүргізді.
Тренингке қатысушылар БӘЖ концепциясының басты принциптерімен танысып, олардың тәжірибеде қолданылу мәселелерін талқылады.
Шара соңында БӘЖ такырыбында жазылған ең үздік мақалаларды анықтау мақсатында байқау жариялады. Байқау жеңімпаздары Украинадағы БӘЖ концепциясын насихаттайтын ұйымдарға барып-қайту мүмкіндігіне ие болады.
Негізі: ҚазАқпарат
|
|
|
|