|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Тауарлар мен қызметтерді қазақстандық жеткізіп берушілерге арналған бизнес-форум - Атырау облысы
Атырауда «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС компаниялары үшін тауарлар мен қызметтерді қазақстандық жеткіз
04 | 10 | 2008 Бизнес-форум екі күнге созылады. Жергілікті және халықаралық жеткізушілердің және мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері Қазақстанның мұнай-газ секторына қатысты тауарлар мен қызметтердің сапасын дамыту және жақсарту міндеттерін талқылау үшін бас қосты. Форум барысында келешектегі ықпалдастық жобаларына қызығушылықтарды айқындау үшін «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС компанияларының өндірістік мұқтаждарымен жеткізушілерді таныстыру жоспарланған.
Жеткізушілердің қарауына «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС компанияларының даму жоспарлары ұсынылатын болады.
«Теңізшевройл» ЖШС компаниясының әріптестері: «Шеврон» - 50%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс» - 25%, «ҚазМұнайГаз» - 20% және «Лукарко» - 5%. және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС компаниясының әріптестері: «Би Джи Групп» (32.5%), ЭНИ (32.5%), «Шеврон» (20%) және ЛУКОЙЛ (15%).
Негізі: ҚазАқпарат /Андрей Соколов/
|
|
|
|