|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры 2008-2012 жылдарға арналған ҚР Шағын несие ұйымдарын (ШНҰ) дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры 2008-2012 жылдарға арналған ҚР Шағын несие ұйымдарын (ШНҰ) дамыту бағдарламасын жасады.
09 | 09 | 2008 Алдағы уақытта қор осы бағдарлама аясында ШНҰ қолдауды жалғастыратын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Даму» қоры басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Иманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бағдарлама аясында ШНҰ қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджеттен және қор қаржысынан 26,1 миллиард теңге бөлінбек. Оның 5,1 миллиардын биылғы жылы бөлу көзделген. Бағдарламаның мақсаты – несиелік жүйедегі үшінші деңгейде саналатын ШНҰ-ын қаржылық және қаржылық емес жолдармен қолдау арқылы микроқаржылық секторды дамытуға қолдау жасау. Бағдарламаны жүзеге асыру биылғы жылдың мамыр айында басталған және алғашқы кезекте конкурстық жолмен несиелендіру өткізілген. Бірінші рет өткізілген несиелендіру конкурсына 67 ШНҰ қатысқан. Олар тарапынан 5 332 миллион теңгеге сұраныс түскен. Конкурс нәтижесінде 43 ШНҰ іріктеліп, оларға 4 035 миллион теңге несие бөлінген. Ал 22 ШНҰ несие талаптарына сай болмағандықтан талаптары қанағаттандырылмаған. Биылғы жылғы қыркүйектің 4-індегі жағдай бойынша «Даму» қоры 948,6 миллион теңгелік 18 өтінішті мақұлдады.
Мұрат Иманқұловтың айтуынша, бұл бағдарлама кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай көмек болмақ.
Негізі: ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/
|
|
|
|