қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Мәжіліске үшжылдық бюджет жобасы келіп түсті

Үкіметтен Мәжіліске еліміздің басты қаржы құжаттарының бірі - «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы келіп түст

08 | 09 | 2008  Онда тұңғыш рет үшжылдық бюджеттің жоспары беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы заң жобасы жаңа Бюджет кодексінің жобасына сәйкес 2009-2013 жылдарға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік өлшемдерінің болжамы, Қазақстан Президентінің 2005 жылғы қыркүйектің 1-індегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді келешекке арналған тұжырымдамасының және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде әзірленген.

2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру сыртқы нарықта қарыз алудың күрделі шарттарын сақтау, экономиканы несиелеу және екінші деңгейлі банктер беретін қарыз қаражаттарының жоғары ставкаларының көлемін төмендету жағдайында жүзеге асырылған.

Үкімет қабылдайтын шаралар несиеге тәуелді салаларды даму институттары арқылы қолдауды, мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялардың инвестициялық белсенділігін ынталандыруды, концессиялық саясатты дамытуды көздейді. Және де сыртқы күйзелістерге жеңілдетілген ықпал жасайды, сонымен бірге экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Негізі: ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/

Жаңалықтар
31 | 12 | 2008
30 | 12 | 2008
29 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz