қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Қазақша салықтық жаңартулар – РБК агенттігі

Экономиканың өндірістік секторының салық ауыртпалығын төмендету, кен орындарын игеруден салық жинау жүйесін жандандыру, шағын және орта

04 | 09 | 2008  әрі тиімдірек ету – бүгінде осы салада Ресей Федерациясы мен Қазақстанның алға қойған міндеттері ұқсас.

Бірнеше жыл қатарынан Ресей қоғамында осы елдің қазыналық жүйесін реформалаудың мүмкін жолдары жөнінде пікірталас тоқтамауда. Осы пікірталастағы маңызды дәлел – қазақстандық тәжірибе болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда жаңарған Салық кодексі күшіне енеді. Осы елдің экономикасы оны енгізумен қандай артықшылық алады? Бұл туралы ресейлік әріптестеріміз өз пікірін білдірді.

2009 жылдың өзінде бұрынғы кеңес кеңістігінде ресейлік бизнес аңсап жүрген идеалды құжатты еске салатын Салық кодексі (СК) пайда болуы мүмкін. Қазақстан СК реформасы көптеген салықтардың ставкасын төмендетуді, көптеген салық жеңілдіктерін алып тастауды, мемлекеттік органдарға кәсіпорындардан басқа мемлекеттік құрылымдардан білуге болатын мағлұматтарды талап етуге рұқсат етпеуді қарастырады. Республикалық бюджеттен түсетін табысты ренталық салық есебінен жер қойнауын пайдалануға салық ауыртпалығын арттыру арқылы орнын толтыру жоспарланып отыр.

Жуырда жаңа СК Қазақстанның Парламентіне ұсынылуы тиіс. Құжатты жасауды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Кодекс бұрынғы кеңес кезінде компанияларға берілген көптеген жеңілдіктерді алып тастауды қарастырады. Қазақстанда салықтардың ставкалары Ресейге қарағанда әлде қайда төмен болады деп күтілуде. Жеке меншік табыс салығы 10 пайызды құрайды. Еске сала кетейік, Ресейде табыс салығы – 13 пайыз. Әлеуметтік салық 11 пайыз көлемінде болады. 2007 жылы Қазақстандағы корпоративтік табыс салығы 20 пайызды құраған, ал 2011 жылы ол 15 пайызға тең болмақ. Тура осындай ресейлік салық – 24 пайыз. Сондай-ақ қазақ үкіметі ресейлік бизнестің арманын орындай алады. Ол 11 пайыз көлеміндегі қосымша құн салығын (ҚҚС) (Ресейде – 18 пайыз) заңдастырады.

Сонымен қатар, қазақстандық фискалдар салық төлеушілерден өздері басқа мемлекеттік құрылымдардан ала алатын ақпараттарды талап ете алмайды. Шындап келгенде, сарапшылар қазақ Салық кодексін жай көшіріп алуға болмайды дейді. Дегенмен, Ресейлік заңнамалар да осы жолмен келе жатыр.

Егер салықтардың белгілі бір ставкалары формальды тұрғыдан қарастырылса, онда олар – ресейлік бизнестің арманы, деп түсіндіреді сарапшылар. Дегенмен, Қазақстанда әкімшілік жүргізу проблемасы Ресейдегідей маңызды болып отыр.

«Сонымен бірге, қазақтар табиғи ресурстарға салынатын салықтар мәселелеріне дұрыс жол тапты. Ресурстарды өндіретіндер, белгілі бір табыс алады. Дегенмен, қазақ билігі үлкен табысты өзіне алып отырмақ. Бізде керісінше, өндіру компаниялары әртүрлі жеңілдіктерді алуға ықпал ететіндіктен, Ресейге осы тұжырымдаманы қабылдау дұрыс болар еді», - деді «Салық көмегі» бас директоры Сергей Шаповалов.

Негізі: ҚазАқпарат

Жаңалықтар
19 | 11 | 2008
18 | 11 | 2008
17 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz