|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлікті Отанымыздың азаматтары үшін де, шетелдіктер үшін де тиімді етеді - Елбасы
«Үкімет менің тапсырмам бойынша мемлекеттің дамуы үшін маңызды деген бірнеше заң жобаларын дайындап, Парламенттің қарауына ұсынды. Олар с
04 | 09 | 2008 Біз осы құжаттарды өте қысқа мерзімде дайындап үлгерген Үкіметтің жемісті еңбегін атап өтуіміз керек». Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, бюжет кодексі экономиканың шикізаттық емес секторындағы салықты азайтуды көздейді. Сондай-ақ құжатқа сәйкес, әкімшілік ресімдеу шаралары мен салықтық жеңілдіктер оңтайландырылады.
«Өндіруші сектордың қайтарымы есебінен салықты әкімшілендіру шаралары қысқартылып, қазіргі жүйе айтарлықтай жеңілдетіледі. Шикізаттық емес секторға салынатын салық ауыртпалығын жеңілдету үшін корпоративтік табыс салығын сатылап төмендету көзделіп отыр. Атап айтқанда, салықтың бұл түрі келесі жылы 30-дан 20 пайызға дейін, 2010 жылға қарай 18,5 пайызға, 2011 жылға қарай
15 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін жақсы қолдау болады», деді Президент.
Сондай-ақ ол жаңа кодексте табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді алып тастау ұсынылатынын атап өтті. Ал шағын кәсіпкерлікке бағытталған арнайы салық режимдері сол күйінде сақталған. «Бұған қоса құжатта салықтық есеп беруді жеңілдетуге бағытталған көптеген шаралар қарастырылған. Мен жаңа салық кодексінің еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартатынына сенімдімін. Бұл құжат кәсіпкерлікті отанымыздың азаматтары үшін де, шетелдіктер үшін де тиімді етеді», деді Мемлекет басшысы.
Негізі: ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/
|
|
|
|