қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Кәсіпкер туған ауылына мектеп сыйлады - ОҚО

Жаңа оқу жылының қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында мектеп ашылды,

02 | 09 | 2008  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлгі-жобамен салынған 240 орынды екі қабатты мектеп үйі – облыстық мәслихаттың депутаты, облыстағы белгілі меценат, «Саутс-Ойл» компаниясының басшысы Серікжан Сейітжановтың Ескі Шілік ауылының тұрғындарына жасаған тартуы болды. Ол осы ауылда туып-өскен, ескі, бір қабатты шағын үйге орналасқан мектепте білім алды. Жомарт қолды, мырза көңіл кәсіпкер ауылындағы жаңа білім шаңырағын тұрғызуға өз қалтасынан 268 миллион теңге жұмсады. Ауылдың адал ұлының бұл қаражаты тек еңселі мектеп үйін тұрғызуға ғана емес, информатика, физика, химия, биология, спорт және акт залдарын, кітапхана мен асхананы жабдықтауға молынан жетті.

«Туған ауылға қарайласу - әрбір кәсіпкердің борышы. Мен әкем, Ұлы Отан соғысының ардагері Сейітжан Құртаевтың көптен бергі арманын іске асырдым. Әкем ұзақ уақыт бойы білім беру саласында қызмет етті. Бұдан 40 жыл бұрын тұрғызылған ескі мектеп үйі о баста басқа мақсат үшін салынған болатын. Сондықтан мен балалар үшін әрі қолайлы, әрі жайлы жаңа мектеп үйін салуды ұйғардым», - деді С.Сейітжанов білім ордасының ашылу салтанатында.

«Жезқазғанда өткен кеңесте Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауаптылығын жандандыру жөнінде бизнесмендерге тапсырма берген болатын. Елімізде президенттік «100 мектеп» бағдарламасы жұмыс істейді. Біз мұны Елбасының тапсырмасымен салынған 101-інші, президенттік мектеп деп санаймыз», - деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов.

Биылғы жылы 184 бизнесмен облыс мектептерінің жөндеу жұмыстары мен құрылысына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға қол ұшын берді. Олардың үлесі 1 млрд. 302 млн. теңге қаражатты құрайды.

Негізі: ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/

Жаңалықтар
31 | 12 | 2008
30 | 12 | 2008
29 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz