|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Алматыда Қазақстан мен кореялық кәсіпкерлердің форумы өтеді
Қыркүйектің 29-да Алматыда Кореяның Кёнгидо провинциясы кәсіпкерлері мен қазақстандық іскер топ өкілдері арасында кездесу өтеді,
02 | 09 | 2008 деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы сауда-өндірістік палатасына сілтеме жасап.
Кореялық кәсіпкерлер делегациясы құрамында «Bio Jang Poong Corp.», «Sam Young Lighting», «Hanil – Grinder» сынды 12 ірі компания өкілдері келеді деп күтілуде. Кездесу барысында қазақстандық кәсіпкерлердің әрқайсысы кореялық әріптестерімен жеке кездесіп, әріптестік қатынас орнатуға мүмкіндік алмақ. Қазақстан мен Корея қатынасы соңғы уақытта үлкен қарқынмен даму үстінде. Біздің елімізге салынған кореялық инвестицияның жалпы көлемі 2,5 миллиард АҚШ долларынан асқан. 2007 жылы екіжақты сауда көлемі 843 миллион долларды құрады.
Негізі: ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/
|
|
|
|