|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Биыл облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 1 трлн. 700 млрд. теңгенің өнімін өндіруді жоспарлап отыр
Бүгін IV шақырылған облыстық мәслихаттың жетінші сессиясында облыстың жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қортындылаған облы
27 | 08 | 2008 Олар, облыстың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарта түсу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бірінші жартыжылдықта облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 770 млрд. теңгеге өнім өндірді. Былтыр 1 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылғаны естеріңізде болар. Биыл біз бұл көрсеткішті 1 трлн. 700 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Аяқ алысымыз жаман емес», деді облыс басшысы.
Облыс әкімі өңір экономикасының қозғаушы күші саналатын «Жер-Теңіз-Аспан» инвестициялық жобасының жүзеге асуы туралы мәліметтер келтіріп өтті. Жоба аясындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында заманауи жоғары технология бойынша күн батареяларын өндіретін, фармацевтикалық дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын сияқты жеті жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Сараптау кеңесі мақұлдаған тағы жеті жоба Арнайы экономикалық аймаққа орналастырылуға дайын. Бүгінде Индустрия және сауда министрлігі Президенттің арнайы экономикалық аймақ көлемін 2000 гектарға дейін ұлғайту және оның іс-қимыл мерзімін 2028 жылға дейін созу туралы Жарлығының, сондай-ақ Үкіметтің арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымы құрылысына Үкімет қорынан 500 млн. теңге бөлу туралы Қаулысының жобаларын дайындап жатыр», деді облыс әкімі.
Негізі: ҚазАқпарат. /Жетібай Шаханұлы/
|
|
|
|