|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Елбасы экономикалық өлшемді және дамуды «Корпоративті қадам» арқылы бірге жасауды ұсынды
Қаржы дағдарысы, мұнай бағасының өсуі және тез қымбаттаған азық-түлік сынды соңғы өзгерістер жақын арадағы жаһандық заманауи саясат бағыт
26 | 08 | 2008 елдер сыртқы істер министрлерінің 3-ші отырысының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Барлық елдер экономикалық құбылыстардың салдарын ауыздықтауға қарсы шаралар қабылдауға тырысуда.Қазіргі таңда барлық ірі елдер осы бағытта көрші аймақтық елдермен күш біріктіру қажеттігін жақсы түсінді.Осы бағытта біз барлық әріптестерімізді «Корпоративті қадам» аясында экономикалық өлшем жасауға шақырамыз», деді Елбасы.
Елбасының пікірінше, осы бағыттағы жедел шаралар мәдениеттерді, әртектілікті сақтаумен қатар, әлемдік деңгейдегі дағдарыстардың алдын-алуға мүмкіндік бермек.
«Қазақстан АӨІСШК-нің атқарушы төрағасы және Азиядағы әріптестік жөніндегі диалогтың (АӘД) болашақ төрағасы ретінде әлемде орын алған келеңсіз құбылыстарға тек аймақтық күш біріктіру арқылы ғана қарсы тұра алатынына сенімді.Осы тұрғыдан көп салада бағыттары бір АӨІСШК мен АӘД форумдарының тиімді әріптестігін қалыптастыру қажет. Біз Тайланд ұсынған АӨІСШК мен АӘД-і Азияны дамытушы бір медальдің екі жағы деген көзқараспен келісіп отырмыз», деді Елбасы.
Негізі: ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/
|
|
|
|