қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

"Оңтүстік" корпорациясының өрісі кеңейіп келеді

"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Қызылорда өңірінде келелі істер атқара бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 | 08 | 2008  Корпорацияның облыс бойынша департаменті қазіргі таңда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігіне сай жұмыстармен шұғылданып жатыр. "Оңтүстік" аймақтық агрокешен" ірі жобасын жүзеге асыруда үлкен бастамалар қолға алынды. Бұл жоба оңтүстік үш облыстың аймағын қамтиды. Ал ондағы басты мақсат – ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, сақтау, дайындау, қайта өндіру және сату шараларын жүзеге асыруда тиімді тетіктерді қалыптастыру. Сондай-ақ қазіргі сұранысқа сай барлық техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген рынокты және қызмет көрсету және дайындау орталықтарының жүйесін қалыптастыру алдағы мақсаттардың бір парасы болып саналады. Мұнымен қатар, жобада жылыжай шаруашылықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік-техникалық ұйымдар үшін керекті шарттар қарастыру да көзделген. Бұл жоба ұзақ мерзімге арналған. Бағдарламаның жалпы құны – 390,2 млн. АҚШ долларын құрайды.

«Осы жылы оңтүстік үш облыста 14 қызмет көрсету және дайындау орталықтары құрылады, – дейді ҚазАқпарат тілшісімен кездескенін облыс бойынша департамент директоры Дәуірбек Әбуов. – 2011 жылы инвестиция қажеттілігі 8974,2 млн. теңгені құрайтын 36 қызмет көрсету және дайындау орталықтары іске кіріспекші. Соның ішінде 7 орталық Қызылорда облысының еншісінде. Бұл – ауылшаруашылық өнім өндірушілердің, меншігінде шағын жері бар шаруалардың және орта кәсіпорындардың қажеттіліктеріне орай шоғырландырылған қойма және өндірістік алаңдары бар кешендер. Яғни мұның ішінде өнімді сақтау, сорттау, көкөністі алғашқы қайта өңдеу жүйелері, көлік, жанар-жағар май, тыңайтқыш секілді қажеттіліктер бойынша қоймалар жұмыс істейді.

Департамент директорының атап өткеніндей, үстіміздегі жылы облыста сүт, ет және көкөніс өңдейтін қызмет көрсету және дайындау орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Бұл орайда өнімді тасымалдау шығындары тауар құнының 40 пайызын құрайтын болғандықтан бағаны төмендету мақсатында "Агрохолдинг" ЖШС тасымалдау компаниясын құру қажеттігі туындады. Осының негізінде лизинг арқылы 60 жүк көлігін, соның ішінде 15 рефрижератор, кіші сыйымдылықтағы 20 техника бірлігі және 25 арнайы жабдықталған КамАЗ автокөлігін алу қарастырылды.

Өткен маусым айында Үкімет отырысында "Аймақтық "Оңтүстік" агрокешен" инвестициялық бағдарламасы назарға ұсынылған болатын. Үкімет тарапынан осы бағдарламаға жақсы баға беріліп, аймақтық "Оңтүстік" ӘКК-ның ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға, қайта өндіруге және сақтау мен тасымалдау бағытындағы тәжірибесін пайдалануға ұйғарым жасалды. Сөйтіп, үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен бағдарламаны қолдау бағытында 4 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

Қазіргі уақытта облысымызда аталмыш департамент бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында нақты іс-әрекетке кірісіп кетті. Өнімді делдалдарсыз тікелей тұтынушыларға жеткізу үшін Қызылорда қаласында уақытша 20 сауда нүктесін іске қосып, оларда сатылатын өнім бағасы базар нарқынан 15-20 пайыз төмен сомада сатылуда. Есептеулер бойынша күнделікті өткізілетін өнімнің көлемі 30 тоннаны құрайды. 11 тамыз күнгі мәліметке қарағанда, осы кезге дейін облыс орталығындағы аталмыш сауда нүктелерінде 156 тонна көкөніс-бақша дақылдары тұтынушыларға ұсынылған.

Облыс орталығында бұрынғы үлкен күріш зауытын қайта жандандыру бағытында да жұмыстар қолға алынды. Мамандардың мәлімдеуінше, бұл зауытты тиісті мақсатқа пайдалану үшін бизнес жоба жасалып, инвестор ықылас танытқан. Биыл онда күріш сақтау шаралары іске асырылатын болады. Ал келесі жылы дақыл өңдейтін зауыт және құрама жем дайындайтын диірмен кешенін іске қосу үшін тиісті әрекеттер жасалып жатыр. Мұның бірінші кезеңіне жұмсалатын қаржы 360 млн. теңгені құрайды.

Негізі: ҚазАқпарат /Руслан Игілік/

Жаңалықтар
19 | 11 | 2008
18 | 11 | 2008
17 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz