қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Елбасы ӘКК даму келешегі жөнінде нұсқаулар берді: экономикалық қайтарым барынша жоғары болуы тиіс

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (ӘКК) «үлкен үміт пен үлкен жауапкершілік» жүктеліп отырғанын а

22 | 08 | 2008  Кеше кешке Қостанайда Үкімет мүшелерінің және ӘКК басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында Президент қазақстандық даму институттары жүзеге асырып отырған стратегиялық экономикалық жобалардың даму барысына баға берді.

Экономиканың көшбасшы кәсіпорындарын құрудың маңыздылығын айтқан Н.Назарбаев шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі жұмысты төмендетуге болмайтындығын атап көрсетті.

«Серпінді жобалар бойынша жаңа компаниялардың пайда болуын ынталандыру жөніндегі жұмысты бастау қажет. Осы бағыттағы мемлекеттің көмегі – қаржыландыруды жүзеге асыруда, жер ұсынуда, инфрақұрылымдар салуда. Жер учаскелерін мемлекеттік пайдаланудан шығару үдерісін жеңілдету керек. Үкімет пен Президенттің Әкімшілігіне серпінді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты белсендірек жүргізуді тапсырамын», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы ӘКК туралы айта келіп, ӘКК құру – таза экономикамен айналысатын ұйым екендігін атап көрсетті. Олар әкімдіктерді экономикалық жүктемелерден босатады. «Әкімдіктердің әлеуметтік және саяси сипаттағы қамдары онсыз да көп. Сондықтан, ӘКК мен әкімдіктер тығыз өзара іс-қимыл жасаулары керек, бірақ бір-біріне кедергі жасамауы тиіс», - деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ Президент ӘКК-мен қатар функцияларды жүзеге асыратын құрылымдарды құруға әуес кейбір әкімдіктердің тәжірибесін қатты сынға алды. «Мен бұған үзілді-кесілді тыйым саламын. Әкімдер кейде біздің экономикалық саясатымызға қасақылық жасайды. Олар әлі күнге дейін ӘКК-ге активтерді беру мәселелерін аяғына дейін шешкен жоқ. Әкімдіктер корпорациялардың жұмысына кедергі келтіре отырып, басқа тәсілдермен өтімді мүліктер шығарады, активтердің бағасын көтеруде. Мұның бәрінің жолын кесу керек. Мен соңғы рет ескертемін», - деді Президент.

Сонымен қатар, Президент ӘКК жұмысын жер қойнауын пайдаланумен ғана шектеуге болмайтынын атап өтті. «Біздің басты мақсатымыз - өңдеу өнеркәсіптерін қолдау және дамыту. Ауыл шаруашылығына, машина жасау, металлургия салаларына, жеңіл өнеркәсіпке салынатын инвестициялар көлемін арттыру қажет. Ірі ұлттық компаниялармен жұмыс мүмкіндіктерін толығырақ пайдалану маңызды», - деді Мемлекет басшысы.

Президент «Оңтүстік» ӘКК жұмысын мысалға ала отырып, сауда желілерін дамыту тиімділігін атап өтті. Корпорациялар шағын бизнеске баса назар аударулары тиіс. Сондай-ақ Елбасы «әлі күнге шейін ӘКК-лердің орта мерзімді перспективада қалай жұмыс жасайтыны айқын емес. Әрине, біз оларға бөлінген ақша қашан қайтарылатынын есептеуіміз керек. Үкіметке ӘКК жұмыстарының үйлестірілуін түпкілікті жақсартуды және жыл соңына қарай әрбір ӘКК жұмысының тиімділігі жөнінде мәліметтер ұсынуды тапсырамын», - деді.

Президент экономикалық қайтарым барынша жоғары болуы тиіс екендігін атап көрсетті. ӘКК-лер жүзеге асырып отырған барлық жобалар, әсіресе, жер қойнауын пайдалануға қатысты жобалар - көз алдымызда болуы қажет. ӘКК жұмысының ашықтығын және мөлдірлігін қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жұртшылықты тарту, жұмыс жөнінде кеңінен хабардар етіп отыру қажет.

Сондай-ақ Президент әрбір ӘКК-ге алдағы 2-3 жылға әлеуметтік әріптестік жоспарларын жасауға тапсырма берді.

Негізі: ҚазАқпарат /Петр Плахотников/

Жаңалықтар
19 | 11 | 2008
18 | 11 | 2008
17 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz