|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша 29,5 млрд. теңгенің кредиттік келісіміне қол қойылады – В. Школьник
Бүгін шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша қосымша 29,5 млрд. теңгенің кредиттік келісіміне қол қойылады деп күтілуде. Үкім
19 | 08 | 2008 Министрдің айтуына қарағанда, бүгінгі күні Үкімет пен Қаржы министрлігі тарапынан «Қазына» орнықты даму қорының шағын және орта бизнесті дамыту бөлігіне 50 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етті. Сонымен бірге, аталған сома бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қатысу үшін республикамыздағы 9 қаржылық ұйым келісім берсе, бұл бағдарламадан екі банк, атап айтқанда «Казкоммерцбанк» пен «Халық банкі» бас тартқан.
«Бүгін банктер арасында қосымша 29,5 млрд. теңгенің кредиттік келісіміне қол қойылмақ. Қазіргі таңда әкімдіктер мен «Қазына» орнықты даму қорының арасында шамамен 16 млрд. теңгені игеру шаралары әзірленуде. Осымен қоса, шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін «Қазына» қорынан екінші деңгейлі банктерге 6 млрд. 450 млн. теңге аударылған», деді В. Школьник.
Негізі: ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/
|
|
|
|