|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
КӘСIПОДАҚТЫҢ БЕДЕЛIН ҚАЛАЙ КӨТЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Әлемнiң алдыңғы қатарлы өркениеттi елдерiнде кәсiподақ ұйымдарының абыройы жоғары. Өйткенi, олар шын мәнiнде еңбек адамдарының құқығын қорғ
14 | 08 | 2008 Қазiр қоғамдық ұйымдар тек мүшелiк жарнамамен ғана күнелтедi. Кәсiподақтардың дәрменсiздiгiнiң тағы бiр себебi, олардың жұмыс берушiлерге ықпал ететiн заңдық негiздерiнiң осалдығы. Яғни жұмыс берушi мен еңбек адамының қарым-қатынасын реттейтiн ұжымдық шарттардың болмауы. Осыны ескерген Елбасы Н. Назарбаев қаңтар айында Жезқазған қаласында өткен бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi форумда «Ұжымдық шарт түзiңiздер!» деген жалпы республикалық акция өткiзудi тапсырған болатын.
Осыған орай облыста бiрқатар игiлiктi iстер атқарылды. 180 мың мүшесi бар облыстық кәсiподақ ұйымының 70 пайызын бiлiм беру қызметкерлерi құрайды. Облыстағы 1032 бiлiм беру мекемесiнiң 1026- сында кәсiподақ ұйымдары бар. Мұндай ұйымдар еңбеккерлерге лайықты еңбекақы төлеудi, олардың әлеуметтiк-экономикалық құқықтарын қорғауды мақсат етедi. Алайда, кәсiподақ ұйымын құруды, ұжымдық шарт түзудi керек деп таппайтын жұмыс берушiлер де бар. Мұндайлар көбiне жеке сектордағы кәсiпкерлер арасында жиi кездеседi. Жоғарыда айтылған акцияның негiзгi бағыты осындай еңбек ұжымдарына ұжымдық шарттардың тиiмдiлiгiн түсiндiру. Бұл жөнiнде облыстық кәсiподақтар кеңесi ұйымдастарған баспасөз мәслихатында сөз болды.
Облыстық кәсiподақтар кеңесiнiң төрағасы Д.Шерiмқұловтың айтуынша, облыс деңгейiнде «Ұжымдық шарт түзiңiздер!» акциясын ойдағыдай өткiзу үшiн үш жақты әлеуметтiк-әрiптестiк еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының шешiмiмен штаб құрылған. Штаб кәсiподақ мүшелерiнiң санын арттыру, ұжымдық шарттарды ҚР Еңбек кодексiне сәйкестендiру бағытында жұмыс iстейдi. Мұндай штабтар барлық аудандар мен қалаларда құрылған.
Кәсiподақ ұйымдары алдағы уақытта Үкiмет және бизнеспен әлеуметтiк әрiптестiктi дұрыс жолға қоя бiлсе, бұл еңбеккерлердiң құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтiк жағдайына оң әсер ететiнi анық.
Негізі: Айдар ҚҰЛЖАНОВ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дiң студентi.
|
|
|
|