қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Өткен маусым айында республика тұрғынының бір айлық орташа табысы 62 998 теңгені құрады – Статистика агенттігі

2008 жылдың маусымында бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 62 998 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,6 па

14 | 08 | 2008  Агенттіктің мәліметтеріне сәйкес, айлық еңбекақының жоғары деңгейі экономиканың қаржы және өндіріс салаларында сақталуда. Атап айтсақ, үстіміздегі жылғы маусым айында қаржы құрылымындағы бір қызметкердің айлығы 144,2 мың теңгені, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 116 мың теңгені, қозғалмайтын мүлік қызметінде – 96 мың теңгені, құрылыста – 82 мыңды, көлік және байланыста – 80 мыңды құрады. Ол республикалық орташа деңгейден 1,3-2,3 есеге артық.

Сондай-ақ осы кезеңде денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер саласындағы орташа жалақы 38 354 теңгені құрады. Ал ең төменгі еңбекақы көлемінің көрсеткіші ауыл шаруашылығы мамандарында сақталуда – 31 121 теңге.

Аймақтар бойынша алатын болсақ, ең жоғары еңбекақы Атырау облысында сақталуда - 117 261 теңге, Маңғыстау облысында ол - 109 977 теңге болса, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары айына сәйкесінше 91 299 және 90 777 теңге жалақы алады. Ал Жамбыл облысында оның көлемі 38 667 теңгені, Солтүстік Қазақстанда – 41 358 теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш ел бойынша алғандағы орташа деңгейден 34-38 пайызға төмен.

Негізі: ҚазАқпарат

Жаңалықтар
03 | 12 | 2008
02 | 12 | 2008
01 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz