қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Еліміздің халықаралық резервтері 21,4 пайызға артып, 47 млрд. долларды құрады

Еліміздің халықаралық резервтері, Ұлттық қор қаражатын қоса алғанда 21,4 пайызға артып, 47 млрд. долларды құрап отыр.

07 | 08 | 2008  Бүгін ҚР Үкіметінің 2008 жылғы алғашқы жартыжылдық қорытындылары бойынша өткен кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері ел экономикасы сыртқы жағымсыз себептердің ықпалына қарамастан өзінің тұрақтылығы мен одан әрі даму әлеуетін көрсетті. Бұған көбінесе әлеуметтік экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Үкіметтің дер кезінде атқарған іс-шараларының нәтижесінде қол жеткізілді. Ағымдағы жыл басынан бері даму қорытындыларында пессимистік болжамдардың ақталмағаны байқалды. Бұл ақша-кредит саясаты, төлем балансы, құрылыс саласының дамуының болжамдық көрсеткіштеріне қатысты болып табылады. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында нақты жалпы ішкі өнім өсімі бағалау бойынша 105,1 пайыз құрады. Осының өзі 5-7 пайыз аралығындағы болжанған көрсеткішке сәйкес келеді», деді Б. Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, нақты өсім негізінен өндіруші сектор, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салалары есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Мәселен, алғашқы жартыжылдықтағы негізгі капиталға инвестиция 12,4 пайызға артқан. Бұл бұрын болжанғаннан әлдеқайда артық. Сонымен бірге, есепті кезеңдегі кредит ауқымы сақталып, өткен жылғы кезеңмен бірдей көрсеткіште болып тұр. «Жекелеген индикаторлар өсімінің баяулауына қарамастан, қаржылық жүйе тұрақтылығын, тиімді қызмет ететіндігін танытты. Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердің жеке капиталы 5,8 пайызға артты. Ал еліміздің халықаралық резервтері, Ұлттық қор қаражатын қоса алғанда 21,4 пайызға артып, 47 млрд. долларды құрап отыр», деді Б. Сұлтанов.

Негізі: ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/

Жаңалықтар
06 | 10 | 2008
05 | 10 | 2008
04 | 10 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz