қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

ҮЗДIК АУДАРМАШЫ АСТАНАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жақында А.С. Пушкин атындағы облыстық кiтапханада ОҚО тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының ұйымдастыруымен «Үздiк аудармашы» атты облыст

06 | 08 | 2008  Жергiлiктi және аумақтық мемлекеттiк органдарда, мемлекеттiк кәсiпорындарда қызмет iстейтiн аудармашылардың iс жүргiзудегi бiлiктiлiгi мен тәжiрибесiн сараптауға, кәсiби шеберлiгiн арттыруға, бағытталған бұл конкурс төрт талаптан тұрды.
Оның бiрiншiсi — «Ресми құжаттарды аудару» /күнделiктi жұмыс кезiнде жиi қолданылатын құжаттарды аудару сапасын анықтау/;
екiншiсi — «Көркем аударма» /аударманың сапасына, көркемдiгiне, мазмұнына көңiл бөлу/;
үшiншiсi — «Жаңа терминдер әлемi» /мемлекеттiк терминологиялық комиссия бекiткен терминдердi бiлу деңгейi/;
төртiншi — «Iлеспе аударма» /күнделiктi жұмыс барысында кездесетiн мәселелер бойынша әңгiмелесудi аудару/.
Байқауға қатысқан 17 аудармашының тәжiрибесi мен бiлiктiлiгiн, тiлге деген жанашырлығын сарапқа салған арнайы комиссияның құрамы да тiл мамандарынан құралған. Атап айтқанда, қазылар алқасының төрағасы Мамырбек Құдияр — ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлiм бастығы, комиссия мүшелерi Бiләл Құлбек — Шымкент қалалық қазақ тiлiн оқыту және салт-дәстүрдi насихаттау орталығының директоры, Қалима Бекназарова — ОҚО әкiмi аппаратының бас маман-аудармашысы, Нұрила Жұманова — ОҚО тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының бас маманы үмiткерлердiң ресми құжатты ұғыныңқы, түсiнiктi, нақты, қысқа аудару шеберлiгiн сыннан өткiздi.
Сонымен, сайыстың аты сайыс, жеңiске жүзден жүйрiк шыққандар ғана ие болады. Байқау соңында өзгелерден озық шыққан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң ОҚО бойынша департаментiнiң жетекшi маманы Қамбар Асылбеков бас жүлде – компьютер жиынтығын жеңiп алды. Ол конкурстың шарты бойынша 2008 жылдың 17-22 қыркүйегiнде Астана қаласында өтетiн республикалық «Үздiк аудармашылар» конкурсына қатысатын болады. Ал, I-орынды ОҚО бойынша кедендiк бақылау департаментiнiң аудармашысы Талғат Тленшин, II-орынды балалардың құқықтарын қорғау департаментiнiң бас маманы Әлия Биболова, III-орынды ОҚО статистика департаментiнiң бас маманы Меруерт Жаңабаева иелендi. Жеңiмпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етiлдi.

Негізі: Қалдыгүл ДӘуренбекова, «Оңтүстiк Қазақстан».

Жаңалықтар
23 | 11 | 2008
22 | 11 | 2008
21 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz