|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұма күні Алматы қаласында Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің (ЭСК) көшпелі
05 | 08 | 2008 ЭСК мүшелері Салық кодексінің жобасын, жаңа Бюджет кодексінің тұжырымдамасын және нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін ендіру жайын талқылады.
Сондай-ақ, 2009-2011 жылдарға арналған Экономиканы дамытуды ынталандыру саясатының негізгі бағыттары, ақшалай-кредиттік саясат мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, ЭСК отырысы барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кейбір мәселелері қозғалды.
Кеңес отырысында қаралған мәселелердің қатарында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер үдерісі, сондай-ақ стресс активтері қорының тұжырымдамасы аясында рыноктағы шетел банктері бөлімшелері мен сақтандару мекемелерінің қаржылық қызмет көрсетуге қол жетімділігі жайы талқыланды.
Негізі: "Казахстан Сегодня"
|
|
|
|