қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Өзектi мәселе ХАЛЫҚ ТАЛАП ЕТУГЕ ҚҰҚЫЛЫ!

“Бiз мұнайлы және астықты ел болғандықтан да халық бiзден жанар-жағармаймен және тиiстi баға бойынша нанмен қамтамасыз етуiмiздi талап етуге

01 | 08 | 2008  Жақында Үкiмет басшысы К.Мәсiмов тура осылай дедi. Сондықтан жиын-терiм науқаны басталған қазiргi сәтте диқандардың жанар-жағармай сұраған жанайқайына, нанның бағасын қатаң бақылауда ұстауды өтiнген тұрғындардың шырылына “ендi анау едi, мынау едi” деп сылтау айтудың еш ретi жоқ. Бұл өзi, бiрiншiден жақында ғана облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып тағайындалған Қ.Бектемiров пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қ.Алдабергеновке тiкелей қатысты мәселе.
Бұл мiндеттен бiздiң бәсекелестiктi қорғайтын агенттерiмiз де шет қалмауы тиiс. Яғни оңтүстiк диқандарының жиын-терiм науқанын сәттi өткiзуi тұрғындардың арзан әрi сапалы нанға қол жеткiзуi осы екi басқарма, бiр агенттiк қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiнде.
Жалпы елiмiз бойынша 7 облыс астыққа деген өз сұранысын толық қамтамасыз ете алады екен. Ал мұнай өңдеу зауыттары бар облыстар жанар-жағармайдан тапшылық көрмеуi тиiс. Оның үстiне Қазақстан биылғы жылдың
1-маусымы мен 1-қыркүйек аралығында бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға тиым салғаны белгiлi. Бiздi құртып жатқан алыпсатар делдалдар деген пiкiрдi де жоққа шығара алмаймыз. Жақында республикалық Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң төрағасы М.Есенбаев рыноктағы жағдайды бас пайдасына жаратқан 29 субъектiнiң анықталғанын мәлiмдедi. Оның iшiнде “бiздiң де алыпсатарлар” болуы мүмкiн. Жоғарыда атап өткенiмiздей, облыстық екi басқарма мен агенттiк мамандары өзiмiзде мұнай өңдейтiн, астық өндiретiн кәсiпорындардың жағдайына талдау жасап, кемшiлiктердi жiпке тiзiп, халыққа дұрыс ақпарат беруi тиiс.
Ал, халық талап етуге құқылы!

Негізі: Нұрлан КЕНЖЕҒҰЛОВ, “Оңтүстiк Қазақстан”.

Жаңалықтар
23 | 11 | 2008
22 | 11 | 2008
21 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz