|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Биылғы егін жинау науқанында ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге 389 мың тонна дизель отыны қажет
Биыл егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге 389 мың тонна дизель отыны қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтегі
14 | 07 | 2008 Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің дизель отынымен қамтамасыз етілу деңгейі 13,5 пайызды құрайды. Бұл өткен жылдағыдан жоғары. «Шілденің 11-гі жағдай бойынша барлығы 19 мың тонна дизель отыны жөнелтілді. Бұл қарқын төмен, сондықтан облыс әкімдіктері келісім-шарттарды бекіту және дизель отынының бөлінген көлемі үшін дер кезіндегі төлем жасау жөніндегі жұмыстарды ширатуы қажет», деді министр.
А. Күрішбаев өңірлерді дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп республикамыздағы мұнай өңдейтін зауыттарына облыстарды шарты түрде бекіту жұмыстарын жүргізгендігін атап өтті. «Мемлекеттік органдар мен мұнай және жанар-жағар майдың негізгі ресурстарын ұстаушылар арасындағы
меморандум аясында зауыттардың дизель отынын босату бағасы анықталды. Атырау мұнай өңдеу зауыты және Шымкент мұнай өңдеу зауыты бір тонна дизель отынын 91 мың теңгеден, Павлодар мұнай өңдеу зауыты 93 мың теңгеден сататын болды. Нәтижесінде операторлардың шығындарын ескергенде, 1 литр дизель отынының құны республика бойынша орта есеппен 84 теңгені құрайды», деді министр. Ол қазіргі таңда 1 литр дизель отынының бағасы нарықтағы орташа бөлшек саудада 100 теңгені құрайтынын айта кетті.
Негізі: ҚазАқпарат
|
|
|
|