|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Мәжілістің жалпы отырысында оннан астам мәселе қаралмақшы
Ертең, қаңтардың 23-і, сәрсенбі күні Мәжіліс төрағасы Аслан Мусиннің жетекшілік етуімен осы Палатаның жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды Қ
22 | 01 | 2008 Ертең, қаңтардың 23-і, сәрсенбі күні Мәжіліс төрағасы Аслан Мусиннің жетекшілік етуімен осы Палатаның жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне оннан астам мәселе енген. Әуелі Палата депутаттары жуырда Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларын өндіріске алу, ол құжаттар бойынша қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеу мәселелерін қарайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодекске тұрғын үй ғимаратын өткізуді немесе осындай ғимаратты жалға беруді қосылған құн салығынан босату мәселесі бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.
Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыға түседі.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы күн тәртібіне шығарылмақшы.
Сол секілді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Көші-қон мәселелері және отандастармен байланыстар жөніндегі ғылыми-консультациалық кеңес құру туралы мәселе қаралмақ.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар Үкімет мүшелеріне сауалдар жолдайды деп күтілуде.
Негізі:
|
|
|
|