|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басшыларының DAEWOO International компаниясы делегацияларымен кездесуі
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Шымкент қаласында «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ӘКК) орталық офисінде ӘКК басшыларының DAEWOO International комп
12 | 12 | 2007 Кездесу мынадай құрамда өтті: - Чэнг-Зэ Ким - Аға Орындаушы Вице-президент, Ки-Сёг Ким - Өнеркәсіптік жабдықтау бойынша дивизионның Вице-президенті, Джон Бёнг-Ил - Орталық - Азия өңірінің Бас Директоры, Ю Джай Джин - Орталық Азия бойынша халықаралық сауда департаментінің Бас директорының орынбасары
Қонақтар компания жұмысымен алғашқы таныстыру барысында DAEWOO International компаниясы Ғаламдық сауда және инвестициялық компания екенін және әлем бойынша 100 астам офис желілері, оның ішінде 29 DAEWOO-ның тікелей қатысуымен еншілес компаниялары, арқасында өз қызметтерін бар әлемде атқарып келетіндігі жөнінде хабардар етіп өтті.
Сонымен қатар DAEWOO International компаниясымен операциясына елеулі ықпал жасап, Оңтүстік-шығыс Азиядағы қаржылық дағдарыстың салдарын жеңе алғанын және қазір компанияның жұмыс атқарып жатқан елдерде ірі жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігі атап өтілді. Осыған байланысты қонақтар табиғи ресурстарды және электроэнергетиканы шығару жөніндегі инвестициялық жобаларға, атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында электростанция салу жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
ӘКК Басқарма Төрағасы Асқар Мырзахметов, қонақтарды өңірдегі ӘКК қызметінің мақсаттары мен міндеттерімен хабардар етіп, ӘКК-нің маңызды инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ынталылығын білдірді. Ол түскен ұсыныстар жан-жақты зерттелу керек екендігі және соңынан тараптар осы мәселе бойынша қосымша мәліметтерді сұрай алатындығын атап өтті.
Кездесудің қорытындысында тараптар өзара тиімді әріптестіктің орнатылатына үміттерін білдірді.
Негізі: «Оңтүстік» ӘКК» ҰК»
|
|
|
|