|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Оңтүстік Қазақстанда қамыс пен мақтадан қағаз жасайтын зауыт салынады
Оңтүстік Қазақстанда қамыс пен мақтадан қағаз шығару қолға алынбақ
25 | 09 | 2007 Шардара ауданында қамыс пен мақтаның қысқа ұлпаларын шикізат ретінде пайдаланып, қағаз шығаратын зауыт құрылысын салу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұндай өндіріс Шардарада 90-шы жылдардың басында салынбақ болған. Бірақ, КСРО ыдырағаннан кейін бұл идея қағаз жүзінде қалған. Бүгінде бұл мәселе қайтадан өзекті болуда. Жобаны жүзеге асыруға инвестор да табылып отыр. Мақта ұлпасы мен қамыстан қағаз шығару ісіне алматылық «Ақ терек» ЖШС-і ықылас танытуда. Жоба 500 миллион долларға бағалануда.
Зауыт құрылысына 2-3 жыл және 30 гектар жер керек. Бірінші кезек іске қосылғаннан кейін онда 300 жұмысшы, ал толық іске қосылғаннан кейін - 500-ден астам адам жұмыс істейтін болады.
Негізі: http://inform.kz
|
|
|
|