|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Оңтүстік Қазақстан облысы 12 жылдық оқыту жүйесіне өтуге дайындалуда
Оңтүстік Қазақстан облысында орта білімнің 12 жылдық оқу жүйесіне өтуге байланысты осымен 4-ші жыл эксперименттер өткізілуде.
12 | 09 | 2007 Бұл туралы ОҚО білім департаментінің директоры Балқия Көмекбаева мәлімдеді.
Оқытудың жаңа жүйесін енгізу эксперименттері 6 мектеп базасында өтіп жатыр. Биылғы эксперимент аясында 12 жылдық бағдарлама бойынша 24 сыныптағы 568 оқушы оқи бастаса, бұған дейін бастаған 5 сыныптағы 64 оқушы ары қарай жалғастырмақ.
Сондай-ақ, жаңа жүйеге өтуге ұстаздар да дайындалуда. 2005 жылдан бастап облыстың республикалық бюджеттен трансфет ретінде бөлген қаражатқа кадрлар қайта дайындалуда. Оқудан 8 мың 426 адам өтіп үлгерді.
Келесі жылы облыс мектептеріне жаңа жүйемен оқытылатын 40 мың 6 жасар және 11 жылдық жүйемен оқытылатын тағы сонша 7 жасар бірінші сынып оқушылары келеді деп күтілуде.
Негізі: http://inform.kz
|
|
|
|