қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Премьер-министр Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне Әшімовтың кандидатурасын таныстырды

Премьер-министр Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысының атқамінерлеріне облыс әкімінің лауазымына 47 жастағы Нұрғали Әшімовтың кандидатурасын таныстырды

28 | 08 | 2007  Өңірдің жаңа басшысын таныстырмас бұрын К.Мәсімов облыстың бұған дейінгі әкімі Өмірзақ Шүкеевке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. "Мен Өмірзақ Шүкеевті вице-премьер болып тағайындалуымен құттықтаймын. Ол сіздермен бірге Оңтүстік Қазақстан облысында да көп іс тындырды",- деді үкімет басшысы.

Ал жаңа әкімге қаратып айтқан сөзінде К.Мәсімов үкімет тарапынан облысты дамытуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. "Ауылдық жерлерде салынуға тиіс 100 мектептің 39-ы Оңтүстік Қазақстан облысында салынады. Осының өзі айрықша қарым-қатынастың белгісі",- деді К.Мәсімов. "Өмірзақ Шүкеев келесі жылға арнап ойдағыдай бюджетті қорғап шықты. Ендігі жерде сіздер үшін маңыздысы - осы қаржыны дұрыс жұмсау болмақ",- деді үкімет басшысы. Премьер-министрдің пікірінше, мақта саласының технологиялық дамуы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға баса көңіл бөлу қажет.

Ө.Шүкееев те өз кезегінде жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Н. Әшімов бұған дейін Батыс Қазақтан облысының әкімі болған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігін Өмірзақ Шүкеев басқарған, ол кеше үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды

Негізі: http://www.kz-today.kz

Жаңалықтар
31 | 12 | 2008
30 | 12 | 2008
29 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz