|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданының ауыл мектептеріне 50 жас ұстаз аттанбақ
Сарыағаш ауданының ауыл мектептері алғаш рет педагогикалық кадрлармен толық жасақталады
27 | 08 | 2007 Жаңа оқу жылының қарсаңында білім бөлімі дәстүрлі бос орын жәрмеңкесіне 50 мектеп ұстазына сұрау жіберген. Кадрлар әсіресе алыс жатқан – Бозай, Әлімтау сияқты аудан орталығынан 150 шақырым қашықта орналасқан ауылдарға қажет. Мұнда көп жылдар бойы қазақ және орыс тіліндегі, математика ұстаздарының жетіспей келген болатын. Жергілікті оқу бөлімі жас ұстаздар сонау шалғай жерлерде жұмыс істеуге келетінінен үмітін үзген болатын. Дегенмен, бұл жолы өтініштер қажеттіліктен де асып түсті. түсті. Мамандар жергілікті ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін ЖОО-ның 50 түлегін таңдап алды. Енді бірнеше жылдың ішінде алғаш рет алыс жатқан ауылдардағы мектептер кадрлармен толық қамтамасыз етілді.
Негізі: http://inform.kz
|
|
|
|