қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Оңтүстік Қазақстанда сайлаушылардың 77 пайыздан астамы дауыс берді - облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Торғауытов

Облыстық сайлау комиссиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттары мен ҚР Парламенті Мәжілісіне өткен сайлаудың қорытындысын шығаруды жалғастыруда

19 | 08 | 2007  Негізгі мәліметтер белгілі, кішігірім көрсеткіштер қалды, бірақ олар жалпы мәліметке үлкен өзгертулер енгізе қоймайды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов мәлім етті.

Сайлау күні облыста барлығы 856 мың 514 адам дауыс берді. Бұл жалпы электораттың 77,4 пайызы. Көш басында Сайрам ауданы тұр. Бұл ауданда учаскелерге сайлаушылардың 93,7 пайызы барған.

Белсенділік көрсеткен аудандардың алғашқы төрттігіне Сарыағаш, Шардара және Мақтаарал аудандары да кіріп отыр. Сарыағаш ауданында 122 мың 346 адамның 14 мың 833-і дауыс берсе, Шардара ауданында 35 мың 376 сайлаушының 32 мың 600-і, Мақтаралда - 121 мың 36 сайлаушының 108 мың 352-сі дауыс берген.

«Сайлау жалпы алғанда проблемасыз өтті. Комиссия қазір 36 облыстық сайлау учаскесі бойынша бюллетеньдерді қайта санап жатыр. Тек бір ғана учаскелік комиссияның мәліметтері күдік келтіруде, себебі тұтас бір округ тамыздың 18-іне сағат 00.00.-ге дейін дауыстарды санап үлгермеген. Бірақ бұл мәселе қайта есептеу барысында шешімін табады», дейді Б.Торғауытов.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сондай-ақ, сайлаудың жақсы ұйымдастырушылық деңгейде өткенін, мұны партиялардың атынан бақылаған байқаушылар мен шетелдік байқаушылар атап көрсетуде. «Облыстық сайлау комиссиясына заң негізінде қаралуы керек арыз-шағымдар түскен жоқ, Жер-жерлерде кішігірім түсініспеушіліктер орын алған, оларды учаскелік комиссиялар сол жерде шешіп отырды. Олар негізінен, дауыс беруге келгендердің тізімнен табылмауымен байланысты болды. Тізімдер сайлау барысында нақтыланып, оған 11 мыңдай адам қосылды. Бұл мәселе адамдарға өз таңдауларын жасауға кедергі болған жоқ», дейді Б.Торғауытов.

Халықтың белсенділігі, президенттік сайлаудағы көрсеткіштен біршама төмендеу болды. Бірақ, 77,4 пайыз да – өте жақсы көрсеткіш.

Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындысына келсек, бүгінгі көрсеткіш мынадай: Оңтүстік Қазақстанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 5,25 пайыз дауыс алса, «Нұр Отан» - 89,09 пайыз, Қазақстанның Патриоттар партиясы 0,54 пайыз, «Ауыл» партиясы – 1,39 пайыз, «Ақ жол» - 4 пайызға жуық, «Руханият – 00,3 пайыз, коммунистер - 0,44 пайыз дауыс алып отыр. Бұл іс жүзінде нақты қорытынды, толық мәліметтер алынғаннан кейін ол өзгерсе де, шамалы ғана өзгеруі мүмкін, дейді Б.Торғауытов.

Сайлаудың қорытындысын нақты шығаруға облыстық сайлау комиссиясының әлі 5 күні бар, бірақ комиссия мүшелері жұмысты 2 күннің ішінде бітіріп қаламыз деген ойда. Қорытынды бойынша баспасөз мәслихаты беріледі

Негізі: http://inform.kz

Жаңалықтар
31 | 12 | 2008
30 | 12 | 2008
29 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz