|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
«Руханият» партиясының жетекшісі оралмандармен кездесті
«Руханият» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанова Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында тұратын оралмандармен кездесті
14 | 08 | 2007 Партия жетекшісі Сарыағаш ауданында негізінен оралмандар қоныстанған Дастан ауылында болып, олардың жағдайы, жай-күйі туралы әңгімелесті. Ата жұртқа көшіп келіп жатқан қандастарымыздың үштен бірі осы Оңтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанғанды жөн көреді екен. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері облысқа 40 мыңдай отбасы көшіп келген. Олардың осы жерге сіңісіп кетуі үшін жағдай жасалуы тиіс, дейді Алтыншаш Жағанова
Алтыншаш Жағанова,»Руханият» партиясының төрайымы:
- 12,5 жыл болды біздің партиямыздың құрылғанына, өмір бақи оралмандардың мәселесін тыс қойған емеспіз. Өйткені, оралмандардың келуі - біздің ұлттығымыздың артуы, біздің халқымыздың басының қосылуы
Ғұламсахи Жорабекұлы, ауыл тұрғыны, оралман:
- Құдайға шүкір, тұрмыс жақсы. Аштан өліп жатқандар жоқ. Біз де елміз, адамбыз, осындағы ел секілді өмір сүріп жатырмыз. Бізде андай қиыншылық жоқ. Ал енді біраз қиыншылық бар, ол енді барлық жерде бар
Негізі: http://www.khabar.kz
|
|
|
|