|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Шымкентте «Достық дастарханы» акциясы өтті
Шымкентте демалыс күні «Достық дастарханы» шарасы өтті
05 | 08 | 2007 Абай атындағы саябақта облыстағы барлық 20 ұлттық-мәдениет орталықтарының өкілдері достық мерекесін өткізді. Ұлттық тағамдардың дастархандары жайылып, барша жұрт «достық дастарханынан» дәм тату мүмкіндігіне ие болды
Шымкенттің тұрғындары мен қонақтары түрлі ұлттардың тағамдарымен ғана емес, ұлттық костюмдермен де танысты. Ұлттық киімдер таныстырылған «Этно-сән» шарасы көрермендердің ерекше ықыласын аударды. Ұлттық ою-өрнектермен безендірілген қазіргі заманның киім үлгілері сәнқойлардың көз қуаныштары болды
Мерекелік күн барлық мәдени орталықтардың ұжымдары қатысқан концертпен аяқталды. «Енді Қазақстанның алдында бұрынғыдан да іргелі міндет - нағыз демократиялық ел атану міндеті тұр, халықтар достағының арқасында оған да қол жеткіземіз, деп ойлаймын», - деді «Нұр Отан» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Шолатай Мырзахметов
Негізі: http://inform.kz
|
|
|
|