|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан орталықтары қазанның 1-інен бастап ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіледі
«Біздің мақсатымыз – қазанның 1-інен бастап барлық аудан орталықтарын тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз ету», - деп атап өтті «Таза су» бағдарламасын орындауға арналған кеңесте ОҚО әкімі Өмірзақ Шөкеев
27 | 07 | 2007 Бағдарлама облыстың барлық проблемалық өңірлерін қамтыған, дегенмен әзірге Шардара және Арыс аудандарының орталықтарында, Кентау және Түркістан қалаларында су кесте бойынша – тәулігіне 1-2 сағат қана беріледі. Ө. Шөкеевтің ойынша, жергілікті әкімдер мәселені шешуге тырыспайды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірқатар айтарлықтай тәртіп бұзушылықтар анықталған болатын. Атап айтқанда: су құбырлары салынады, бірақ олар жұмыс істемейді
«Таза су» бағдарламасы 2004-2010 жылдарға есептелініп, оған 28,2 миллион теңге жұмсалмақ. Оның 15,1 миллионы – республикалық, ал 13,1 миллион теңгесі – облыстық бюджеттен бөлініп отыр
Негізі: http://www.inform.kz
|
|
|
|