қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Оңтүстік Қазақстанда бірнеше елдімекенге жаңа атаулар берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ономастикалық комиссия бірнеше елдімекеннің жаңа атауларын бекітті

23 | 07 | 2007  Бұл туралы облыстық ономастикалық комиссияның отырысында облыс әкімінің орынбасары Дархан Мыңбай мәлім етті

Атап айтсақ, Түркістанда Қызылшаруа елдімекенін Қаратөбе, Мақтаарал ауданында Прибрежное ауылын - Алтын кемер, Комсомол ауылын Жалпаққұм, Плодовиноградное атауын Жүзімдік деп атау ұйғарылды

Абай елдімекенін (Мақтаарал ауданы) Зайырбек Ахметовтың атымен атау туралы мәселе біршама дау тудырды. Комиссия мүшелері бұны белгісіз атау деп атап, ауыл атауын өзгертуден бас тартты

"Ел президенті географиялық нысандарды белгілі бір адамдардың, соның ішінде қазіргі көзі тірі адамдардың атымен атауға қарсы", - деді Д. Мыңбай. Оның айтуынша, "елдімекен атауларын өзгертуге қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр, жуырда өткізілген рейдтер көптеген заңға сәйкессіздікті анықтап берді"

Әкім орынбасары қалалар мен елдімекендерде мектептер мен көшелерге тіпті жергілікті тұрғвндарға да бейтаныс жаңа атаулардың берілгендігіне назар аударды. "Бұл өздерінің ата-бабасының атын болашақ ұрпақтың санасында қалдыруды көздеген санаулы ғана адамның әрекеттерінің нәтижесі екені белгілі", - деген тұжырым жасады Д. Мыңбай. Ол мысал ретінде Хантағы ауылы әкімінің Ильич атындағы көшеге Б. Бекенов атауын беруді талай мәрте өтініп сұраған тілегін мысалға келтірді. Артынан белгілі болғанындай, бұған Мәсукеуде тұратын бір ауқатты кәсіпкер себепші болыпты

Әкімнің орынбасары тиісті қызметтерге сәйкессіздіктерді жоюға тапсырма берді. Ол үш айда жүзеге асырылуға тиіс, бұдан кейін қалалар мен ауылдарға жаңа рейдтер ұйымдастырылады

Негізі: http://www.kz-today.kz

Жаңалықтар
23 | 11 | 2008
22 | 11 | 2008
21 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz