қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Қошқарата, Қарасу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі шаруашылық пайдалану режимі

17 | 07 | 2007  Су қорғау аймағы шегінде мыналарға:

1) су объектілерін ластанудан және бітелуден сақтайтын қүралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және жаңғыртылған объектілерді іске қосуға;

2) тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялык улы заттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу орындарын, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетін қүрылғыларды, өлген малдар көмілетін ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону белдеулерін орналастыру мен қүрылыс салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

3) құрылыс, су түбін тереңдету және қопару жұмыстарын жүргізу пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткізу, қоршаған орта мен су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа арнайы уәкілетті органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жобалары жоқ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге жұмыстарды жүргізуге;

4) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау және пайдалану органдарының, су ресурстары басқармасының және басқа арнайы уәкілетті органдардың келісімінсіз су көздеріндегі су жиегінен 2000 метрге дейінгі орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егілген ағашта химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілдерін қолдануға;

5) органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;

6) шамадан тыс мал жаюға;

7) малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық қүрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметін жүргізуге тыйым салынады.

Су қорғау белдеулері шегінде жоғарыда көрсетілгеннен бөлек мыналарға:

1) жер жыртуға, мал бағуға, талтеректерді кесуге;

2) палаталы қалашықтар, автотұрақтар, малға арналған жазғы лагерлер жасауға;

3) арнайы мақсаттарға арналған су тоғаны, су реттейтін, су қорғайтын және басқа да құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;

4) мемлекеттік арнаулы уәкілетті органдарының келісімі болмаған жағдайда жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлуге және саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшін жер беруге;

5) елді мекендерде су өткізбейтін күресіндерме жабдықталмаған жеке тұрғын үй аулаларын пайдалануға;

6) су айдындарының ластануына жол бермейтін құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға тыйым салынады

Негізі:

Жаңалықтар
27 | 08 | 2008
26 | 08 | 2008
25 | 08 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz