Жаңалықтар мұрағаты
Павлодарлықтардың ұлттық валютаға сенімі арта түсуде
Павлодар облысында банктердің ұлттық валютамен берген несиелері бір айда 4,2 пайызға артып, мамырдың басында 106,4 млрд. теңгені құрады
28 | 06 | 2007 Осы кезеңде шетелдік валютамен берілген несиелер 13,4 пайызға азайып, 30,3 млрд. теңге көлемінде болды. Теңгелік несиелердің үлес салмағы наурыз айымен салыстырғанда 74,5-тен 77,8 пайызға артты
«ҚР Ұлттық банкінің» павлодарлық филиалының мәліметтеріне қарағанда, сәуір айында заңды тұлғаларға берілген несие мөлшері 8,5 пайызға азайып, жеке тұлғаларға – 5,7 пайызға артқан.
Шағын бизнес несиелерімен белсендірек пайдалану байқалады, наурыз айымен салыстырғанда оның көлемі 4,4 пайызға ұлғайып, экономиканы несиелеудің жалпы көлемінің 31,5 пайызына жетті
Негізі: http://www.inform.kz
|