|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Мемлекеттік хатшы: Қазақстандағы конституциялық реформалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағасын алып отыр
Еліміз аймақтарында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы активінің кеңесіне қатысты
27 | 06 | 2007 Мемлекеттік хатшы оңтүстікқазақстандықтарға Елбасының сәлемін жеткізе отырып, Мемлекет басшысының осы аймаққа ерекше көңіл бөліп отырғанын атап көрсетті. Бұдан кейін Қ.Саудабаев кеңеске қатысушыларға Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мәнін түсіндірді.
«Қазақстанның Орталық Азиядағы мойындалған көшбасшылығы, біздің демократияны дамыту жолындағы батыл қадамдарымыз республикада басталған сайлау науқаны тұсында әлемнің назарын аударып отыр. Сайлау барысына халықаралық байқаушылар, соның ішінде ЕҚЫҰ миссиясы көптеп қатысуы күтілуде. Біз сайлауды әділетті жүргізуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Оның үстіне, елде бұған барлық қажетті жағдайлар жасалған», деді Қ.Саудабаев.
Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы конституциялық реформалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағасын алып отырғанын атап өтті. Мысалға, АҚШ-тың ең беделді және ықпалды саясаткерлерінің бірі, сенатор Джозеф Либерман былай деп мәлімдеді: «Ел Конституциясына жақында енгізілген түзетулер президент Н.Назарбаевтың көшбасшылық рөлін айқын көрсетті». Сонымен қатар сенатор американдық тарап демократияны дамытудағы алға қарай жасалған қадамдарды бағалайтынын және мұның біздің елдеріміз арасындағы қатынастарды нығайта түсетінін атап өтті. Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстан экономиканы дамыту мен реформалардың басты үлгісіне айналды. Болып жатқан өзгерістер оны енді саяси даму үлгісіне айналдырады.
Қ.Саудабаев Оңтүстік Қазақстанның тарихи мен дәстүрлері бай бірегей аймақ екендігін атап көрсете отырып, облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы еліміздегі реформаларды дамытуға және нығайтуға жәрдемдесетініне сенім білдірді
Негізі: http://www.inform.kz
|
|
|
|