|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Шығыс Қазақстанда емдеу-сауықтыру туризмі дамитын болады
Өскеменде елдің барлық ынталы министрліктері мен ведомствалары, «Қазына» ОДҚ, жергілікті билік органдары мен кәсіпкерлерінің қатысуымен мемлекеттік бағдарлама негізінде туристік кластерді дамыту жөнінде кеңес өтті
21 | 06 | 2007 ҚР Сыртқы істер министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Қайырбек Өскенбаев туризмді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жайында жан-жақты айтып берді.
Биыл аталмыш бағдарлама туризмді дамыту жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаның жоспарына кірген – Қапшағай, Бурабай, Ақтау және Шығыс Қазақстанда жүзеге аса бастағаны мәлім. Бастапқы 3 өңірде жұмыс басталса, шығыста – бұл осы тақырыптағы алғашқы отырыс болып табылады.
Біз шығыста емдеу-сауықтыру туризмін дамыту идеясын қолға алғымыз келеді. Бұл жерде пантомен, лаймен, родонмен емделуге болады. Біз одан әрі жетілдіре түсу үшін осы өңірдегі 5 жобаны таңдадық. Мұнда бюджеттік қаржыдан жолдар, байланыс, сумен қамтамасыз ету, көлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылмақ. Бұл – Алакөлдегі «АНА» емдеу-сауықтыру кешені, «Қатон-Қарағайдағы» пантоемдеудің сауықтыру-туристік кешені, «Климовка» демалу базасы, «Алтай Альпісі» демалу базасын жаңғырту және «Алтай – алтын таулар» трансшекаралық туристік маршрутындағы «Алтай Номады» қазақстандық бөлігін жасақтау.
Кеңес барысында ШҚО-да емдеу-сауықтыру туризмін дамыту мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс тобы құрылды, оған 17 адам кірді.
ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжановтың ұсынысымен алдағы екі аптада министрлік пен әкімдік арасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру саласында ынтымақтасу туралы келісімнің жобасын жасау ұйғарылды
Негізі: http://www.inform.kz
|
|
|
|