|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Тексеріс барысында қағаз жүзінде ғана бар жоғары оқу орындары анықталды - Бас прокуратура
Тексеріс барысында қағаз жүзінде ғана бар жоғары оқу орындары анықталды
20 | 06 | 2007 Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті
Оның айтуынша, ресми мәліметтерге сәйкес, тексеру барысында республикада жүз жетпіс алты жоғары оқу орны болды. Олардің ішінде 9 ұлттық, 35 мемлекеттік, 11 акционерлік, 14 азаматттық емес, 107 жеке меншік, сонымен қатар Ресей Федерациясының 5 жоғары оқу орындарының филиалдары бар. Алайда аумақтық әділет органдарында тіркелген білім беру қызметін көрсететін ұйымдардың саны бұдан едәуір көп.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана 76 жоғары оқу орны, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген болса, олардың қырық бірі мүлдем жұмыс істемейді. Қостанай облысында тіркелген отыз жоғары оқу орнының он тоғызы жұмыс істемейді.
«Тексеру барысында салықтан жалтару фактілері де анықталды. Мысалы, «Еуразиялық ашық институты» автономдық коммерциялық емес ұйымының (құрылтайшы – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті) Батыс Қазақстан өкілдігі Атырау қаласында салық декларацияларында өз кірістері туралы мәліметті енгізбей, қосымша білім беру қызметін көрсеткен.
Сонымен қатар, тексеру барысында Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде шекті деңгейге жетпеген студенттердің жоғары оқу орындарына қабылданғаны туралы да фактілер анықталды. Кейбір мектеп түлектері тіпті ұлттық бірыңғай тестіден өткені жөніндегі сертификат бермей-ақ студент атанған
Негізі: http://www.inform.kz
|
|
|
|