|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Балалардың жазғы демалыс маусымы басталды
Биыл Оңтүстік Қазақсан облысындағы 20 мыңнан оқушылар жазғы демалысын демалыс-сауықтыру лагерьлерінде өткізеді
14 | 06 | 2007 Олардың дені әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары. Түлкібас ауданындағы табиғаты әсем Машат шатқалында 9 лагерь орналасқан. Дәл қазір осы жерде 1800 бала демалып жатыр. Балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Лагерьде кітапхана бар, түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Балалар биология, зоология пәндерінен оқыған сабақтарын толықтыра түсу үшін мұғаліммен табиғатқа шығып,тәжірибе сағаттарын өткізеді. Оқушыларға бұл өте қызық. Олар осы жерде бір-бірімен танысып, достасып та кетеді.
Нигара Исаева:
- Әр түрлі ойындар үйретеді,тамақтары да жақсы.5 мезгіл тамақ береді.Осы жерде түрлі ойындар үйрендім.
Зарина Шамилова:
- Лагерьде өзіме жақсы достар таптым, олармен сырласамын. Қазақ тілін жақсы үйреніп аламын.
«Жалын» лагерінде осы ауданның тұрмысы төмен отбасыларынан 150 бала демалуда. Оларға аудан бюджетінен қаржы бөлінді.
Мирсали Миразизов, Түлкібас аудандық білім бөлімінің бас маманы:
- Біздің Жалын лагеріміз өткен жылы сатылған еді. Аудан басшылары бізге қайтадан алып, білім бөліміне берді. 8 миллион теңгеге ремонт жасап, жыл бойы жұмыс істейтін лагерге айналдырдық.
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл қала сыртында 27 лагерь жұмыс істейді. 2500 бала осы лагерьлерде тегін дем алады. 3000 жолдама жартылай бағасына берілген. Бұған қаржы жергілікті бюджеттен бөлініп отыр.
Асқар Тастанов, «Жалын» лагерінің директоры:
- Каникулды көңілді өткізуді ұйымдастырумен айналысып жатырмыз.Балалардың саяхатқа шығуы,мәдени шаралар ұйымдастыру,спорттық ойындар өткізу,сол барлығы тек балалар үшін
Негізі: http://www.khabar.kz
|
|
|
|