қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Оңтүстік Кореяда өткен Халықаралық туризм көрмесінде қазақстандықтар екі аталым бойынша диплом алды

Қазақстанда туризм индустриясын дамытуға мүмкіндік мол болғанымен бұл сала әлі қарқын ала алмай тұр

13 | 06 | 2007  Сондықтан туризм жөніндегі әлемдік көрмелерге қатысып, тәжірибе жинақтау және Қазақстанның таңдаулы демалыс аймақтары туралы жаһан жұртшылығын құлағдар етіп отыру маңызды шара. Оңтүстік Корея астанасы – Сеулде өткен Халықаралық туризм көрмесінде қазақстандықтар осы олқылықтың орнын толтыруға тағы бір игі қадам жасады. Оңтүстік Кореядағы туризм көрмесі Қазақстанды Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне танытуға кең жол ашты деуге болады. «Котфа – 2007» деп аталған бұл жиынға Еуропа мен Азия елдерінен 50 мемлекет қатысты. 12 туристік компаниямен келген Қазақстан Алматы, Ақмола, Маңғыстау облыстарының туристік аймақтарын бейнефильмдер арқылы көрсетті. Ал, көрменің екінші күні Қазақстан туризмінің тұсаукесері болды.

Ен Ун Ким, Кореяның туристік «Тау және теңіз» компаниясының президенті:

- Біз жаңа Қазақстанның батыс өңіріндегі «Кендірлі» демалыс аймағының жобасымен таныстық. Келешегі үлкен екен. Сәті түсіп жатса, болашақта Кореяның туризм әуесқойларын сол жаққа апармақ ниетіміз бар.

Көрмеге қатысқан мемлекеттердің барлығы өздерінің туризмге қатысты мүмкіндіктерін жарнамалаумен бірге ұлттық өнеріне де ерекше көңіл бөлді. Қазақстан бәсекенің бұл түрінде де жұртшылық назарын аудара білді. Домбыра мен қобыз үнін ықылас қоя тыңдаған көрермендер Қазақстан жайлы қызыға сұрап, табиғатына тамсанумен болды.

Ди Ын Им, Сеул қаласының тұрғыны:

– Бүгіннен бастап мен Қазақстанға қызыға бастадым. Бәлкім, білім іздеп барармын, мүмкін турист болып қыдырып қайтармын. Өйткені мен жаспын ғой.

Хван Сок Ли, Сеул қаласының тұрғыны:

– Мен егде жастағы адаммын. Соған қарамастан Қазақстанға қазір-ақ жол тартқым келіп тұр.

Мұндай ниеттегі адамдар аз болған жоқ. Оларды тек табиғат сұлулығы ғана емес, елдің даму қарқыны мен қонақжайлығы қызықтырады. Қазір Қазақстанда туристік салаға инвесторларды көптеп тарту мақсатында оларға тиімді жағдайлар жасалуда. Ал, мемлекеттің туризм жөніндегі 5 жылдық бағдарламасы 2011-ші жылға дейін бұл саланы біршама биікке көтереді деген үміт үлкен. Дей тұрғанмен, Отандық туристік компаниялар шет елдік әріптестерімен байланыстарын тереңдете беру керек,- дейді мамандар.

Кенжебай Сәтжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары:

– Оның ішінде мына Кореяның туристік компанияларымен іскерлік қарым-қатынастарды нығайту. Сосын еліміздің туристік имиджін жоғары көтеру. Одан кейін мынау халықаралық дәрежедегі Қазақстанның туризмді алға қарай дамыту жөніндегі мақсаттарын насихаттап, елге көрсету.

Осы тұрғыдан алғанда Сеулдегі көрме қазақстандықтар үшін табысты болды. Бұған дәлел – қазақстандықтарға туризмді насихаттау мен көрнекілік жарнамаларды ұйымдастыру жұмыстары үшін екі бірдей дипломның тапсырылуы. Бұл Халықаралық көрме Қазақстан туризмін насихаттаудағы тағы бір маңызды қадам болды. Ал, келесі көрме алдағы күзде Жапонияда өтеді

Негізі: http://www.khabar.kz

Жаңалықтар
08 | 10 | 2008
07 | 10 | 2008
06 | 10 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz