қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Өзімдегі біліктілікті өзгелерге үйреткеннен үлкен әсер аламын – Қазақстандағы БҰҰ-ның 100-ші еріктісі

Бүгін Алматыда БҰҰ Еріктілер бағдарламасының аясында Қазақстанға 100-інші болып келген ерікті Цуне Кавакита есімді жапон азаматымен кездесу өтті

11 | 06 | 2007  Елімізге үстіміздегі жылдың наурыз айында келген ол Оралдағы Кәсіпкерлік пен бизнес инновациясы орталығында маркетинг бойынша кеңесші-баулушы ретінде жұмыс істеген. Цуне Кавакита оралдық кәсіпкерлер үшін батыстық дереккөздер мен халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, маркетинг пен сауданың тиімді тәсілдері жөніндегі тренинг үшін оқу материалдарының кешенін әзірледі.

Ал сәуір айында Оралдың 30-дан астам кәсіпкері үшін «маркетинг және сауда» тақырыбына тренинг өткізіп, кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, ол ағылшын тілі клубында студенттерге шығармашылық ойлау, топта жұмыс жүргізе білуден дәріс жүргізді.

«Мен сіздерде 3 ай көлемінде жұмыс істедім. Қазақ халқының қонақжайлылығы туралы бұрыннан естуші едім. Соны көзбен көру бақыты маңдайыма жазылып, Қазақстан топырағын бастым. Бұл үшін мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасына алғыс білдіремін», деген Цуне Кавакита жергілікті кәсіпкерлік туралы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, Оралда кәсіпкерліктер арасында бәсеке өте төмен. Соның салдарынан жергілікті тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасы кемшін. Бұндай келеңсіздіктер тиімді бизнес жүргізуге де кедергісін тигізуде. Ендеше, кәсіпкерлер алдымен халықтың жағдайын ойлауы керек. Мен өткізген сабақтар барысында кәсіпкерлерге осыны түсіндіруге тырыстым. Қоштасарда оралдықтар маған үлкен алғыс білдірді. Мен өзімдегі біліктілікті өзгелерге үйреткеннен үлкен әсер аламын, дейді ол.

Жапонияда туып, сонда университет бітірген азамат екінші жоғары білім алуға Канадаға барады. Ондағы оқуын тәмамдағаннан кейін химиялық зауытта жауапты қызмет атқарады. 30 жылдан астам зауытта қызмет еткен ол зейнеткерлікке шығады. БҰҰ Еріктілер бағдарламасындағы қызметін зейнеткерлікке шыққаннан кейін бастаған жапондық Қазақстанға дейін Вьетнамда еңбек еткен.

Елімізде 1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан БҰҰ Еріктілер бағдарламасы аясында келген шетелдік мамандар үлкен жобалардың жүзеге асуына көмегін тигізген еді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында қазақстандық 32 ерікті бүгіндері шет елдерде еңбек етуде. 2000 жылдан бері БҰҰ Еріктілер бағдарламасы Қазақстанның дамуына 1 миллион долларға жуық қаржы салған.

Негізі: http://www.inform.kz

Жаңалықтар
13 | 10 | 2008
13 | 10 | 2008
12 | 10 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz