|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Шымкентте үлкен еңбек жәрменкесі болып өтті
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының қызметкерлері оқу орындарын тәмәмдап жатқан студенттер мен жұмыссыздар арасында өздеріне лайықты деген мамандарды іздестірді
10 | 06 | 2007 Кәсіпорындар кондитер, программа дайындаушы, химик, мұғалім, инженер мен құрылысшыларға зәру. Жалпы үш жарым мыңнан аса бос орынға адам таңдалды. Басты назарда ауылда жұмыс істейтін мамандар.
Қуандықов Қуаныш:
-Мамандығым бойынша компьютерде программа жасаймын. Мені ауылға шақырып, жақсы қызмет ұсынып жатыр. Дегенімен ауылда жұмыс істеу қалаға қарағанда қиынырақ дей алмаймын. Жас мамандар барлық жерге де қажет емес пе?- дейді Қуандықов Қуаныш
Биыл облыс әкімдігі әлеуметтік зерттеуді қолға алған. Қызметке енді кіріскен жүзге жуық медицина қызметкері барған ауыл- ауданда арнайы көмекке қол жеткізеді. Яғни олар тұратын баспана бағасы өтеліп, ай сайынғы коммуналды төлемдер де бюджеттен қамтылады. Сондай-ақ, тұрмыстарын түзеп алуы үшін 100 мың тенгеден ақша бөлінеді. Ал үш жылдан кейін олардың өз баспаналары болады.
Тамара Дүйсенова, ОҚО әкімінің орынбасары:
-Біз олардың жеке есепшоттарына 500 мың тенгеден аударуды көздеп отырмыз. Үш жылдың ішінде аталған сома Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкінің займымен 3,8 миллион тенгеге айналады. Ал үш жылдан кейін жастардың әр қайсысы өз пәтеріне қол жеткізеді, - дейді Тамара Дүйсенова
Бір күннің ішінде екі жарымға жуық жас маман өздеріне лайықты еңбек орындарын тапты. 60 адам арнайы кәсіби курстарға баратын болды.
Негізі: http://www.khabar.kz
|
|
|
|