|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Өскеменде шағын бизнес салық түсімдерін арттыруда
Өскеменде шағын бизнес субъектілерінен салық түсімдері артып отырғаны байқалады
09 | 06 | 2007 Өткен жылы шағын бизнестің салық түсімдері үлесі 20 пайыз ғана болған еді, биыл бұл көрсеткіш 34 пайызға дейін көтеріліп отыр. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Шәкәрім Бүктіғұтов қазақстандық конституция реформасына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ш.Бүктіғұтовтың пікірінше, «мұндай серпін шағын бизнес мүмкіндігінің шегі емес. Біз келесі жылы бұл көрсеткішті 40 және 50 пайызға дейін жеткізуге күш саламыз. Шағын бизнес те үлкен кәсіпорындармен қатар бюджет қоржынын қомақты ттүсімдермен толықтыруына қол жеткіземіз».
Әкім бұған дәлел ретінде қалада бизнесті дамыту аймақтары идеясы белсенді жүзеге асырылып жатқанын айтты. Облыс орталығында осындай үш аумақ болады, оның біреуінде қазір бюджет қаражатына бүкіл коммуникация желісін – электр энергиясын, су және жылумен қамту, байланыс жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан кейін осы аумақта тендерде жеңіп алған кәсіпкерлер өздерінің бизнес-өндірістерін салады.
Негізі: http://www.inform.kz
|
|
|
|