|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Интернет конференция
Ертең Мемлекет басшысы он-лайн режимінде жұртшылықпен интернет арқылы сұхбаттасады. Интернет -конференция күндіз сағат 10 мен 12-нің аралығында өтеді
06 | 06 | 2007 Республика президентіне сауалдарды электронды үкіметтің порталы арқылы жолдауға болады. Он-лайн яғни тікелей уақыт режиміндегі интернет конференция Ақордада өтеді. Сауалдарды конференция аяқталғанша интернет арқылы жолдауға болады. Ал, компьютерге қосылуға мүмкіндігі жоқ жұртшылық көкейдегі сауалын арнайы қоғамдық қосындар арқылы қоя алады. Жергілікті жерлерде осындай 240-тан астам қосын қазір тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Бейбітшілік пен келісім сарайындағы интернет орталығының мамандары 9 күннен бері президент атына келіп-түскен сауалдарды қабылдауда. Қазірдің өзінде 3 мың 300-ден астам сауал бар.
Ботагөз Қайыпова интернет орталығының жетекшісі:
- Саяси тұлғаларымыздан саяси қызметкерлерімізден келіп жатқан сұрақтар өте көп олар порталымызда орналастыруда соның ішінде саяси реформаларға байланысты Қазақстанда енгізіліп жатқан конституциялық реформаларға байланысты Қазақстандағы экономикалық және саясатқа байланысты мұның бәрін порталға орналастырдық, тек қана қайталап кетемін адамның көңілі мен намысына адамның ар-ұжданына тиетін сұрақтар негізінде нақты емес сұрақтарды солар порталға орналасқан емес.
Сарапшылар сауалдарды мәні мен мағынасына қарай топтастырып отырады. Бірінші орында әлеуметтік мәселелер білім мен ғылымды дамытуға қатысты сұрақтар. Екінші орындағы сауалдар тұрғын үйге қатысты. Одан кейінгі орында жеке мәселелерге қатысты сауалдар тұр. Интернет орталығы мамандарының айтуынша жалпы сұрақтардың 70 пайызын ер азаматтар жолдаған.
Ботагөз Қайыпова, интернет орталығының жетекшісі:
- Бірінші екінші күні 29-30 мамыр күні алғашқы орында 60 тан жоғары азаматтарымыз 1 орынды ұстап отса, үшінші күні мамырдың 31 күні жағдайымыз күрт өзгеруде, бірінші орында әлі күнге дейін 16-25 жасар интернет қолданушыларды айтуға болады ал екінші орынды 25-35 жас аралығындағы біздің интернет қолдаушыларымыз осындай жоғары дәрежені ұстап отыр.
Интернет арқылы президентке қойылған сұрақтарға да дауыс беруге болады. Дауыс беруші адамдардың саны 140 мыңнан асты. Сондай-ақ, Елбасы атына АҚШ, Қытай, Малайзия, Украина, Ресей және Қырғыз азаматтарынан да сауалдар келіп түсіп жатыр.
Негізі: http://www.inform.kz
|
|
|
|