қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Жаңалықтар мұрағаты

Отандық кәсіпкерлер конституциялық реформаларды қолдайды

Қазақстанның кәсіпкерлер қауымы «конституциялық реформалардың қабылдануын тарихи оқиға деп бағалайды

05 | 06 | 2007  Бүгін отандық кәсіпкерлер Астанада бас қосып, конгресс өткізді. Елдің экономикалық жаңаруына барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз деп мәлімдеген отандық бизнес өкілдері арнайы қарар қабылдады. Отандық кәсіпкерлер экономикалық жаңару мен демократиялық реформаларды біртұтас үрдіс деп ұғынады. Бизнеске мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтың қайтарымы –бәсекеге қабілетті отандық өнімді әлемдік нарыққа шығару болмақ. Кәсіпкерлер өздеріне осындай міндеттеме алды. Ал, оны іске асыруға қажетті жағдай Қазақстанда бар.

Кәрім Мәсімов, ҚР премьер-министрі:

- Елімізде оңтайлы экономикалық ахуалды қалыптастырумен бірге саяси жаңғырту процестері де жүрді, бұл тұрғыда елбасы біз әлемдік тәжірибені дәйекті түрде зерделей және талдай отырып біртіндеп дамудың жеке қазақстандық жолымен жүреміз дегені баршамызға мәлім.

Кәсіпкерлер жаңарған экономиканың жолбасшысына айналуды міндет тұтты. Экономиканы өрге сүйрейтін серпінді жобаларын жүзеге асыруға дайын. Үкімет корпоративтік басқаруды жетік меңгерген компаниялардың 10 нан астам жобасын сұрыптап экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына жіберді.

Серік Сұлтанғалиев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры:

- Қолынан іс келетін азаматтарға осындай мүмкіншіліктердің берілуі бүгін міне көріп отырсыздар кәсіпкерлер күш болып аяғынап тұрып өзінің халқына өзінің президентіне қызмет жасауға дайын бір үлкен партия екенін көрсетіп отыр.

Қазақстандық кәсіпкерлердің қамын күйттеп жүрген «Атамекен» одағы мемлекет пен жеке сектордың арасындағы -алтын көпір. Одақ кәсіпкерлерге қатысты заңдардың қабылдануына да түрткі болып жүр. Бүгін «Атамекен» құрылымын өзгертті. Экономикалық палата болды. Бұл кәсіпкерлердің заң шығару процестеріне тікелей араласып, мүдделерінің ескерілуіне мүмкіндік береді.

Азат Перуашев, Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық «Атамекен» одағының басқарма төрағасы:

- Негізгі жетістік біздің кәсіпкерлеріміз Елбасының тарапынан бизнестің дамуына шынайы көңіл бөліп отырғанына тағы да көздері жетті. Кәсіпкерлер еңбегінің зая кетпей мемлекет тарапынан орынды қолдау табатынын сезді.Осы бағдарламалар арқылы бүгінгі кәсіпкерлерге биік мақсаттарға аса биік амбицияларға жол ашылды.

Отандық кәсіпкерлер Мемлекет басшысының ұстанымын қолдайтындықтарын айтып, арнайы қарар қабылдады.

Негізі: http://www.khabar.kz

Жаңалықтар
23 | 11 | 2008
22 | 11 | 2008
21 | 11 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz